Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды, – деген еді.
Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін еңбек адамының қызыметі ерен. Дәл осындай еңбегімен ел алқауына бөленіп, көне шаһардың көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес.
Солардың бірі – Шолданбаев Сапарғали Мамырбекұлы 1959 жылы 06 наурызда Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылында дүниеге келген. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы.Еңбек жолын 1980 жылы комсомолдық жолдамамен «Шымкентшина» ӨБ темір ұстасы, шебер, аға шебер, участке бастығы, цех бастығы қызметтерін атқарып, аудан, қаланың қоғамдық жұмыстарына белсенді араласқан. Кеңес үкіметі кезінде, облыстың комсомол комитетінің мүшесі, Қазақстан ЛКСМ съезд делегаты. Еңбекші ауданының аудандық партия комитетінің мүшесі болған.1994-1996 жылдары «Айзат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры орынбасары болған.1996-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің техникалық инспекторы, «Базар» ЖШС-ның бақылаушы инспекторы, жеке кәсіпкер, «Жақтау» Тұтынушылар құқығын қорғау ЖШС-ның атқарушы директоры қызметтерін атқарған.2017-2020 жылдары «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін абыроймен атқарып келеді. Бүгінде зейнеткерлікке шыққанына қарамастан еңбектен қол үзбей кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде киелі Түркістан өңіріндегі кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосып келеді.Атқарған еңбектері бағаланып:- 2018 жылы ОҚО аумақтық кәсіподақтар орталығының «Құрмет грамотасымен»;- 2019 жылы Ауылшаруашылық салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен;- 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен;- 2022 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасы» – мен марапатталған.Осы орайда Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының атынан өңіріміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген кейіпкерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отбасына амандық және жұмысына табыс тілейміз!