Ақпарат

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

Жастар – қоғамның қозғаушы күші екені белгілі. Еліміздің ертеңі, жарқын болашақтың жаршысы болған жас буын үшін, мемлекетіміздің келешегін ойлаудан асқан бақыт жоқ деп білеміз. Елге жанашыр жастардың бір шоғыры бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар ұйымының сапында «Есіктен есікке» акциясы аясында көне қаламыздың көшелерін аралап, түркістандықтардың шаңырақтарына арнайы барды. АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық Халықтық штабының өкілдерімен бірлесе тұрғындарды алдағы референдумға белсене қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.Жаңашыл ойлайтын, жаңа технологиялардың келуін жақтайтын жастарымыз, жаңа мүмкіндіктерді ашатын прогрессивті идеяны қолдайтындықтарын айтады. Өзгеріс жасаудан қорықпайтын, жақсылыққа ұмтылудан тайынбайтын жастарымыз өсіп келеді. Бұл алғыр буын болашақты бағамдай да алмақ, дәйекті дамуға беттейтін ұстанымға адалдығын көрсете де білмек. Жаңа буынға қажет мүмкіндіктерді кеңейту – партиямыз атқаратын мәртебелі міндет болып қала бермек.

Қатысты жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА 2025 ЖЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТАБИҒАТҚА – МЕЙІРМЕН, БОЛАШАҚҚА – ПЕЙІЛМЕН ҚАРАУ ҚАЖЕТ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 257 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

azatmedia