Ақпарат

МАҚТААРАЛДА ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНА ОТАНШЫЛДЫҚ РУХ БЕРГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінде «Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ!» тақырыбында («ДосболLIKE» акциясы аясында) мотивациялық кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – бірлік пен келісімді нығайта отырып, тұрғындар, жастар, этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту.
Мақтаарал аграрлық колледжінің шақыртуымен кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Н.Ошантаев, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Сабиров қатысып, жастармен еркін форматта сұхбат құрды.
Жиын барысында аға буын өкілдері елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды.
Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Қатысты жаңалықтар

БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «IKOMEK» ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН САУАЛДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

azatmedia