Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӨТЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Түркістан облыстық біріншілігі өткізілді.

Аталған шара мақсаты – V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау, сондай-ақ ұлттық спортты кеңінен насихаттау, тоғызқұмалақтың бұқаралық сипат алуына жағдай жасау болып табылады.

Ойынға қатысу үшін 16 аудан қаладан іріктелген барлық деңгейдегі депутаттар, мәслихат аппаратының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және блогерлер, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері командалық деңгейде қатысып, бақ сынады.

Жеңімпаз атанған команда тамыз айында республикалық деңгейде өтетін финалдық бәсекеге жолдама алады.

Байқау нәтижесіне сәйкес, жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

Бірінші орын – Қазығұрт ауданы 1. Жаппар Шұғыла 2. Лес Есбол 3. Жаппар Иманғали 4. Мелдешбекова Гүлнұр

Екінші орын – Жетісай ауданы 1. Жантілиев Сабит Темірбайұлы 2. Джунбеков Сатыбалды Базарбайұлы 3. Шойғараева Адина Оразбекқызы 4. Сүлеймен Динара Өтегенқызы

Үшінші орын – Бәйдібек ауданы1. Әбенов Қәдіржан Жұмашұлы 2. Иманбеков Айдос Айдарұлы 3. Садуақас Аңсар Бақытжанқызы 4. Кеңесбек Тоғжан Үрістемқызы

Сонымен қатар, бірқатар жеңімпаздар “Абай” жүлдесімен марапатталды.Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 

Қатысты жаңалықтар

Масылдықпен күресті жұмыс істейтін таптарға жеңілдік қарастырудан бастағанымыз жөн – Бауыржан Мұратбекұлы

azatmedia

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

КӘСІПОДАҚТЫҢ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ ҰЙЫМ!

azatmedia