Қоғам

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ САЙРАМДА ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Сайрам ауданындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті.Жиынға Сайрам ауданы прокуроры Дәулет Тлемисов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық Келісім» КММ ҚХА жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Сайрам ауданының прокуроры Дәулет Тлемисов, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады.Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ
АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

КӘСІПОДАҚ БІРЛЕСТІГІНДЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

azatmedia

Қоғамдағы Ынтымақтың Маңызы Қандай?

azatmedia