Жаңалықтар

КЕЛЕС: ҚР ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ КИЕЛІ КЕЛЕСКЕ АТ БАСЫН БҰРДЫ

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары жазғы демалыс мерзімінде, еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылармен кездесу жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың пікірін тыңдау, әлеуметтік-экономикалық дамуын көзбен көру мақсатында Келес ауданына Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев ат басын бұрды. Кездесу барысында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жайлы және де алдағы жоспарлармен таныстырып өтті, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.Алдымен Абай ауылында Президент жарлығы бойынша салынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысымен сонымен қатар мекеменің бүгінгі жай-күйімен танысып, ауылдың ажарына сән қосатын мектептің аяқталу мерзімі сөз етілді. Мәжіліс депутаты Президентіміздің сындарлы саясатына қолдау білдіріп, жүзеге асуына атсалысып, орталықтарға ғана емес, шалғай ауылдардың да дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Келесі кезекте, Абай ауылындағы «Белсенді ұзақ өмір сұру» бағдарламасы аясында салынған «Қазыналы қария тең қоғам» мекемесіне барып, жұмыс барысымен танысты. Мекемедегі қолөнер көрмесімен және арнайы жабдықталған кітапханамен, жаттығу залымен танысып, қариялармен тілдесті. Ізін ара №7 жалпы орта мектебінде арнайы кездесуге қатысты. Кездесуде ауданға қарасты барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен сұхбат құрып, пікір алмасты.Жиын «АМАNAT» партиясы Келес ауданы филиалында жалғасты. Фракция мүшелерімен кездесу және де қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуде Ауыл және ауылдық округтердегі мәселелер талқыланып, заң жобасы аясында мәселе және сөз болған ұсыныстар өз кезегінде шешімін табатындығы айтылды. Жеке қоғамдық қабылдауда тұрғындар талабы шағын өндіріс орындарын ашу мәселесі болды. Көтерілген мәселе бойынша халық қалаулысы жеке назарға алатындығын айтты.Жеке қабылдау аяқталған соң халықпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде ауылдың түпкір түпкіріндегі мәселелер сөз болып, оларды шешу жолы қарастырылды. Сонымен қатар, халық қалаулысының назарына ауданымыздағы газдандыру жұмыстары ұсынылды. Сапар соңында Т.Қырықбаев ауданда атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын беріп, алдағы жоспарларға сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: 2000-НАН АСТАМ АЗАМАТ КҮЗДЕ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

azatmedia