Спорт

Спорт күніне орай футболдан жарыс өтті

Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінң ұйымдастыруымен Спорт күніне орай футболдан жарыс өтті. Спорттық ісшараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, бос уақытын тиімді пайдалану. Жарысқа 7 команда қатысты.

Сайыс қорытындысына келсек, нәтижесі төмендегідей;

І орын Қазығұрт командасы

ІІ орын Қақпақ командасы

ІІІ орын Ынталы командасы

Шара соңында жүлдегерлер силық, медаль және алғыс хаттармен марапатталды. Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді.

Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған. Спорт күні мерекесіне орай елімізде саламатты өмір салтын ұстану – тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызық әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған түрлі спорт шаралары ұйымдастырылады.

Қатысты жаңалықтар

Роналду «Ювентустан» кете ме?

azatmedia

14 жасөспірімге найзағай түсті

azatmedia

Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтай ма?

azatmedia