Спорт

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АШЫҚ АЛАҢДАРДА ТЕГІН ЖАТТЫҒУ САҒАТТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы өз Жолдауында, «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек», деп атап өткен болатын. Салауатты өмір сүру дегеніміз, ол – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Облыс орталығы – Түркістан қаласында халық арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Балалар үшін спорттық шаралардың барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету – басты назарда. Соған сәйкес Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» қаладағы ашық алаңдарда тегін жаттығу сағаттарын жүргізіп жатыр. Қаланың 48 ашық алаңында ұйымдастырылған жаттығу сағаттарына 6-17 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Спорт клубының 28 спорт нұсқаушысы арнайы белгіленген ашық алаңдарда баскетбол, футбол, стритбол сынды спорт түрлерінен жаттығу сағаттарын өткізуде. Әр ашық алаңда ойындар аптаның дүйсенбі – жұма күндері, сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.

Бұдан бөлек, Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубында» тегін үйірмелерде қарастырылған. Үйірмелерге 6 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер футбол, стритбол, үлкен теннис сынды спорт түрлеріне жазылып, шыныға алады.

Айта кетейік, бүгінде спорт клубында 28 спорт нұсқаушысы, 20 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт нұсқаушыларының еңбек өтілі 3 жылдан басталса, жаттықтырушылардың спортта 5 жылдық тәжірибесі бар. Ақпарат алу үшін 8 707 222 17 10 байланыс нөмір арқылы хабарласа аласыздар.

Қатысты жаңалықтар

Токио Олимпиадасы: Баландин финалға шыға алмады

azatmedia

«Головкин VS Шеремета» чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуі тағы кейінге шегерілді

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ТӨЛЕБИ БАБА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

azatmedia