Спорт

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕТІСАЙЛЫҚ БАЛУАНДАР 15 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Жетісайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен «Ой қамшы» әдеби, тарихи білім жобасының бастамасымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Оразгелді ата ұрпақтарының демеушілігімен «Елім менің – Қазақстан» ұранымен еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Айтулы сында Жетісай ауданының жасөспірім балуандары 15 медаль иеленді.

Көршілес Қырғызстан, Өзбекстан республикаларымен қатар еліміздің барлық облыстарынан келген 32 командада 500 балуан 17 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтаған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен спорт ардагері, халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев пен спорт жанашыры Құнанбай қажы Мұсаев бастаған ел ағалары, Мақтаарал аудандық №1 балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев қатысты.

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды, жаңа жас таланттарды анықтауды, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен жарыста арнайы қонақ болған еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков пен ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, грек-рим күресінен Олимпиада және Әлем чемпионаттарының жүлдегері, өзбекстандық Ихтиер Наврузов пен ел ағалары байрақты бәсекеде бабы мен бағы қатар жанып, қарсыласын алып та, шалып та жыққан балуандар мен олардың жаттықтырушыларын арнайы медалдармен және аудан әкімінің дипломдарымен, чемпиондық белбеулермен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының алғыс хаттарын табыс етті.

12-14 күндері аралығында 2011-2013 және 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнир қорытындысы бойынша командалық есепте 2 алтын және 3 қола медальмен Қырғызстан балуандары ІІІ орынға табан тіресе, Өзбекстан командасы 4 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен ІІ орынды иеленді. Ал боз кілемде атой салып, жауырыны жерге тимеген қазақ балуандарының ізбасарлары 12 алтын, 13 күміс және 26 қола медальмен көш бастады. Оның 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медалі жетісайлық жасөспірімдердің еншісінде.

Бұл турнирдің Жетісай қаласында өткендігі оның маңыздылығын тағы бір рет айқындап отыр. Жергілікті спортшылардың халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуі, сондай-ақ, жасөспірімдер арасында қол жеткен жеңістер ауданның спорттық дамуын көрсетеді. Жетісай ауданында жас балуандардың үлкен жетістіктерге жетуі, жергілікті спортшылардың қажырлы еңбегінің және жаттықтырушылардың үздіксіз жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл турнирдің өткізілуі балалар мен жасөспірімдер арасында еркін күреске деген қызығушылықты арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ спортқа деген адалдық пен ынтымақтастықты бекітуге мүмкіндік берді.

Жетісайлық балуандардың медальдары мен жеңістері тек ауданның ғана емес, тұтас облыстың да абыройын асқақтатты. Бұл жетістіктердің артында шынайы еңбек, табандылық пен спортқа деген үлкен махаббат жатыр. Айтулы жарыстың қонақтары да жас спортшыларға жігер беріп, оларды болашақта да жоғары нәтижелерге жетуге ынталандырды. Бұл турнир жастарға үлгі көрсетіп, олардың өз елінің атын шығару үшін бар күш-жігерін салуға ынталандырды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде өткізілген жарыстың еліміздегі спорт саласына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Себебі, мұндай байрақты бәсекелер алдағы уақытта да көптеген жас таланттарға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.

Бұл турнирдің ұйымдастырылуы және оған қатысқан қонақтар мен төрешілердің атсалысуы біздің елдегі спорттың дамуына қосылған зор үлес болып табылады. Жарыстың жоғары деңгейде өтуі, сонымен қатар спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының жетістіктері — өз кезегінде ауданның мәдениет және спорт саласын дамытуға қосылған бір қадам. Мұндай іс-шаралар болашақта жаңа таланттарды ашып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлкен серпін бермек.

Қатысты жаңалықтар

Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтай ма?

azatmedia

«Манчестер Сити» клубы Месси үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын

azatmedia

«Астана» командасының бас бапкері қызметінен кетті

azatmedia