Қоғам

«AMANAT» : ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕР ТЫҢДАЛДЫ

Азаматтар партияға түрлі мәселе бойынша жүгінеді. Осы ретте «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті билік өкілдері мен атқарушы органдарының тоқсан сайынғы жеке қабылдау кестесі түзілген. Партияның саяси тұғырнамасында белгіленгеніндей көшбасшы партия халықтың үніне құлақ асатын, сайлаушыларының талаптарын орындайтын бірден бір ұйым.

Бүгін партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралқызы Темірбаева тұрғындарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Кентау қаласынан келген Дастан Орынбасаров ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға емдеу орталықтары үшін қосымша қаражат қарау жөнінде өтінішін білдірді. Қала тұрғынын мұқият тыңдаған басқарма басшысы облыста мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсыну бойынша қажеттіліктің 68 пайызы орындалып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен сұралып отырған қосымша қаржы тоқсан сайын облыстық бюджеттің нақтылауына ұсынатынын айтты. Жуырда облыстық мәслихаттың шешімімен Кентау қаласына санаторийлік-курорттық емделуге қаржы бағытталғанын жеткізді. Өтініш иесінің қосымша арызы қабылданып, заң аясында қосымша жауап берілетін болды.

Қабылдауға алдын ала жазылғандардың қатарында болған Мадина Кенбайқызы Кентау қаласы Ш.Уалиханов көшесіндегі №160 үйінің есік алдына қойылған пандустың талапқа сәйкес еместігі, 1-қабаттан үйіне кіретін пандустың жоқтығы бойынша шағымданды. Сонымен бірге, инватакси қызметінің жұмысы көңіл көншітпейтінін де еске салды. Әсия Құралқызы аталған шағым бойынша Кентау қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне азаматшаға заңгерлік көмек көрсету қажеттігін тапсырды.

Өңірдегі әлеуметтік сала бойынша басқарма басшысына алдын ала жазылғандардың дені мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әртүрлі көмектер бойынша ұсыныс-тілектерін, өтініштерін айта келген. Ерлан Налибаев әмбебап электр жетегі бар қоларба қажеттігін сұрап келіпті. Белгілі болғанындай аталған азамат ағымдағы жылдың мамыр айында осынау жетегі бар арба үшін өтінім тастаған. Бүгінгі таңда ол 3-ші кезекте тұр. Басқарма басшысы электр жетегі бар арба келгенше қоларба берілетінін хабарлап, өтініш иесін қуантып қойды.

Базынасын айта келген азаматтардың өтініштері партия назарында болып, мәселенің заң аясында оң шешімін табуына ықпал етіледі.

Қатысты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

azatmedia

ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Азаматтық қоғам құрылымдары

azatmedia