Қоғам

«AMANAT» : «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ БАСТАУЫН АЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы Оқушылар сайрайында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы болып өтті. Қоғамды ізгілікке бастайтын шараның өтуіне партия қатарындағы меценаттар, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері ұйытқы болып, күш біріктірді.

Акцияның ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбева, партияның Түркістан қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. Балалар мен олардың ата-аналары алдында сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы, партиямыз 2010 жылдан бастап, әр жаңа оқу жылының қарсаңында «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық акциясын өткізіп жатқанын мәлімдеді.

«Акция бүлдіршіндерімізге мектепке қажетті құрал-жабдықпен жәрдем беріп, олардың білімге деген құлшынысын арттыруды көздейді. Қоғамды ізгілікке баулитын іске бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және қарапайым азаматтар белсенді қатысуда. Биылғы жылы аманаттықтар облыс көлемінде 170-тен астам баланы қамқорлығына алып, мектепке даярлайды», – деді партияның өңірлік филиалының төрағасы.

Бүгінгі іс-шара барысында Түркістан қаласынан 16 балаға мектепке қажетті жиынтықтар берілді. Облыс орталығынан бастау алған акцияны өңірдегі барлық аудандық, қалалық партия филиалдары жалғастыратын болады. Жаңа оқу жылы қарсаңында ең керекті заттарға ие болған балалардың ата-аналары, осы игілікті іс үшін партия белсендлеріне деген алғыстарын жеткізді. Акцияда Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері музыкалық шығармалары мен әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тұрғындары өзара жанашыр, бірлігі бекем қоғам құру мәртебелі міндетін «AMANAT» партиясы табанды түрде іске асыратын болады және бұл жұмыстарды атқаруға қоғамдастықты белсенді түрде жұмылдырмақ.

Қатысты жаңалықтар

Масылдық та дерт

azatmedia

Қысқы балық аулаудағы қауіпсіздік ережелері

azatmedia

Төтенше жағдай: жалған қоңырау салдары

azatmedia