Қоғам

САУРАН – ЫНТАМАҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Бейбітшіліктің негізі, түп-тамыры – xалықтың бірлігінде, біртұтастығында. Елімізде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері болса, Сауран ауданында 10-нан астам түрлі этнос өкілдері ынтымақта өмір сүруде. Ауданымызда мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайту мақсатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылуда.

Атап өтетін болсақ, ұлтаралық татулықты ұлықтау мақсатында қазақ-өзбек ұлттары мен асбаптарынан құралған «Достық» ансамбльін қайта құрып, жарты ғасырдан астам тарихы бар «Дильшод» ансамблі қайта жаңғырды. 50 жылдық тарихы бар «Қарашық» театрын қайта жарыққа шығару мақсатында сахналық киімдермен қамтамасыз етілді.Сахна саңлақтарынан құрылған «Дилшод» өзбек халықтық – фольклорлық ән-би ансамблі, Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Достық» ансамбль және Мәдениет үйіне қарасты аудандық өнерпаздардан құрылған фольклорлық ансамбль мен Қарашық ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған Халықтық атағы бар «Өзбек халық» театрының бірлескен өнер майталмандарының алғашы мерекелік кешін ұйымдастырдық.Жаңа Иқан ауылдық округінде өткен шара “Сауран – ынтымақ пен татулықтың мекені” деп аталады. Онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық шығармашылығы, кітаптар, музыкалық аспаптар қойылды. Іс-шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құттықтау сөз сөйлеп, одан әрі достықты, бірлікті нығайту ісіне елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің басшыларын марапаттады.Алдағы уақытта қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында этномәдени бірлестіктердің жұмыстары насихатталады. Онда аудан көлеміндегі 12 ауылдық округтерде осы бағыттағы сахналық қойылымдар мен, өнерпаздардың арнайы концерттік бағдарламалары халық назарына ұсынылатын болады.

Этносаралық келісім еліміздің тұрақты дамуының ең маңызды факторы десек, қателесе қоймасыз. Өйткені, этносаралық татулық – қоғамдық келісімінің негізі, ұлттық қау¬іпсіздікті қамтамасыз етудің тірегі. Кезінде Уинстон Черчиль «Қоғам қысымға ұшырағанда қарапайым халық біріксе, жаңа жетістіктерге қол жеткізудің мүмкіндігі мол» деген екен. Енді қоғамды біріктіретін жағдай туған сияқты. Ол біздің елімізде бар деп айтуымызға болады. Өйткені, жүзден астам этностар мекендейтін Қазақстан өзінің ғасырлар бойы жинақтаған құндылықтарын басымдық деңгейге шы¬ғарды. Бірлік пен ынтымақтың арқасында экономикамыз тұрақтанды, қар¬жылық дағдарыстарды ойдағыдай еңсере білдік, ширек ғасырдың ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа жақ¬сы жа¬ғынан танылды. Міне, осының түп негізінде этносаралық және дінаралық келісім жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақстандық бірегей құрылымның этносаралық татулық пен келісімді жа-растырудағы тәжірибесі әлем елдерін де қызықтыруда. Оны жан-жақты зерттеп, өз елдерінде қолданғысы келетіндер де аз емес. Себебі, Қазақстан Ассамблея арқылы бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен тыныштықтың, бақыт пен мейірімнің рухын қалыптастырды.  Сонымен бірге, Ассамблея этносаралық келісім саласындағы бастамаларды іске асыра отырып, өзінің халықаралық

ұйымдармен байланыстарды да өрістетті. Міне, осындай игі істер арқылы еліміз көпшілік мемлекеттерге арман болған өткір мәселелердің шешілуіне ықпал етіп жүр.

Түркістан облысы  – 50-ге жуық этнос өкілдерінің басын қосқан, ынтымағы ұйысқан, мерекелі де берекелі шаңырақ. Әсіресе өңірдің Сауран ауданы – татулықтың жарқын көрінісіне айналып отыр. 

Биылғы жылы Сауран ауданы тұрғындарының жалпы саны 101 871 адамды құралы. Ауданда 10-нан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ауданда өзге ұлт өкілдері негізінен Шорнақ, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Шаға ауылдық округтерінде тығыз шоғырланған. 2021 жылдан бастап Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігі жұмыс атқарады. Төрағасы – Құрманбай Жолданбайұлы Рысбеков. Аудандағы қоғамда қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті сақтау, азаматтық қоғам инмтитуттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды басқару, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, әлеуметтік шиеленіс ошаұтарының туындауына мүмкіндік беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде іс-шараларды іске асыру мақсатында 2021 жылы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан «Ақсақалдар кеңесі» және «Аналар кеңесі» құрылған. 

Кеңес құрамына аудандағы беделді ардагер ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестік мүшелеріжәне зиялы қауым өкілдері енгізілген. 

Сауран ауданында 19 емес үкіметтік ұйым тіркелген. Олардың ішінде 16 қоғамдық бірлестік, 3 қоғамдық қор бар. Ауданның үкіметтік емес ұйымдары өз қызметін қоғамдық өмірдің  түрлі салаларында және басқа әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс істейді. 

Сауран ауданында жұмыс ісетйтін үкіметтік емес ұйымдарды басым көпшілігі Ескі Иқан (4), Шорнақ (7), Ораңғай (1), Қарашық (3), Майдантал (1), Жүйнек (1), Шаға (2) ауылдық окургтерінде орналасқан. Аудандағы үкімкеттік емес ұйымдар ауданның дамуына, қоғамдық жұмыстарға белсен араласып, бірлеске жұмыстар мен бірқатар іс-шаралар өткізіп тұрады. Айталық былтыр жоспар кестесіне сәйкес аралас мектептерде және аудан тұрғындарымен «Отандық патриотизм деген не? Патриотизм діни тұрғыда. Мен Отаныма қызмет етемін!» тақырыбында және «Этносаралық келесімді сақтау және деструктивті діни ағымдарды алдын алу» тақырыптарында алпыстан астам кездесулер өткізіп, оған мыңнан астам адам қатысқан. 

Этномәдени бірлестіктер мен ерікті этнос жастарының қатысуымен «Қамқорлық» акциясы аясында жалғысбасты зейнеткерге және жалғыз басты ананың үйіне көмек көрсетіп, қайырымдылық шараларын өткізген. 

Қатысты жаңалықтар

Өрттің қандай түрі болмасын, опасыз болмайды

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КӘСІПОДАҚ АКТИВІМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

azatmedia

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

azatmedia