Қоғам

“Жастар – жарқын болашақ!» тақырыбында мекерлік шара өтті 

Қазығұрт ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай мәдениет сарайында «Жастар жарқын болашақ» атты мерекелік іс шара өтті.

Шараға Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтап, болашаққа зор үмітпен қарауға, алға ұмтылып, елімізді көркейтуге шақырып, бірқатар белсенді жастарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Есімхан Ешенқұлұлы сөз сөйлеп, жастарға тілектерін айтып, ауданымыздың бірқатар белсенді жастарын мәслихат төрағасы Т. Қалымбетовтың алғыс хатымен марапаттады.Жастар күніне орай ұйымдастырылған іс-шара ары қарай концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.Мереке құтты болсын құрметті аудан жастары!

12 тамызда Қазақстан Халықаралық жастар күнін атап өтті. 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы Жастар істері жөніндегі министрлердің Дүниежүзілік конференциясының ұсынысын қолдағаннан кейін Халықаралық жастар күні Қазақстанда 2000 жылдан бері тойланып келеді.

Жыл сайын халықаралық жастар күні тамыздың 12 күні атап өтіледі, оның негізгі мақсаты жастардың қоғамдағы орны үлкен осы бейбітшілікті жалғастыруда және көркейтуде қосатын үлестері де өте басым екедігін тағы да естеріне салу.

Қазіргі Қазақстанның жастары өте ерекше олар мемлекетіміздің саяси және экономикалық өзгеру дәуірінде дүниеге келіп мемлекетімізбен бірге дамып келеді, олрадың өмірге деген көзқарастары да заманауи және ерекше.

Жастар күнін мерекелеу 1995 жылы БҰҰ қабылдаған және 2007 жылы кеңейтілген Жастар іс-әрекетінің дүниежүзілік іргелі бағдарламасы туралы білімді таратуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта бағдарлама жастарды дамытуда басты рөл атқарады.

Жыл сайын Жастар күніне арналған іс-шаралар (оның ішінде әртүрлі концерттер, көрмелер, конференциялар, семинарлар, флешмобтар) белгілі бір ұранмен өткізіледі. Мәселен, әр жылдардағы тақырыптар: «Бүгінгі күн және болашақ үшін: тұрақты дамудағы жастар қызметі», «Ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттестікке негізделген қоғамдағы жастар», «Кедейшілікпен ортақ күрес: жастар және кедейшілікті жою», «Жастар және климаттың өзгеруі: әрекет ету уақыты», «Жастар миграциясы – дамуға ілгерілеу», «Үздік әлем құру: жастармен серіктестік».

2022 жылы Халықаралық жастар күнінің тақырыбы «Ұрпақтар ынтымақтастығы: барлық жастағы адамдар үшін әлем құру». Бұл ұран қоғамның дамуы үшін барлық жастағы адамдардың күш-жігерін біріктіру керектігін еске салады.

Эйджизм – жасты кемсіту, онымен байланысты стереотиптер. Бұл бірден байқала қоймайтын, бірақ әлемде жиі кездесетін құбылыс. Мысалы, тәжірибесі жоқ жастарды және аға буын өкілдерін жұмысқа алудан бас тартуы немесе олардың пікірін елемеуі мүмкін. БҰҰ-ның 2021 жылы жүргізген ауқымды зерттеуі жастардың жұмысқа орналасу кезінде қиындықтарға, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан менсінбеушілік көзқарасқа екі есе жиі ұшырайтынын көрсетті. Сонымен қатар ұлдар мен қыздарға саяси және азаматтық құқықтарын қорғауы да қиынырақ. Кедей және дамушы елдердегі жастардың көпшілігі жұмыссыз немесе табысы төмен. Кейбір мемлекеттерде халық құрылымындағы жастардың үлесі 80 пайызға жетеді. Онда жастар бұдан да үлкен қиындықтарға тап болады. Олар көбінесе білім мен медицинаға қол жеткізуде қиындықтарға кезігеді. 2022 жылғы Халықаралық жастар күні қоғамның назарын осы мәселелерге аударуға және «барлық жастағы адамдар үшін әлем құруға» бағытталған. Бұл ретте Қазақстан билігі жастар саясаты негізінде жыл сайын көптеген шараларды ұйымдастырып, жастарды қолдауға күш салуда.

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік желіде жалған жарлы көп

azatmedia

Саяси жүйе үнемі дамуда болуы тиіс

azatmedia

Қазығұрттық оқырмандарға құнды кітап

azatmedia