Ақпарат

МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

5 тамыз – ҚР «Медиация күніне» орай,Түркістан қаласындағы «Жеңіс» орталық саябағында Республикалық «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ұйымдастырылған шара саябақтағы «Аналар аллеясы» мемориалының жанында ұйымдастырылды.«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің кәсіби және қоғамдық медиаторлар және мүдделі ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің қатысуымен өткен шара Түркістан облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесі мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен жүзеге асты.

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Б.Әшірбаев және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М.Қырықбаев сөз сөйлеп, бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталды. Еліміздің өркендеп, даму жолында ел ішіндегі бірлік пен татулықтың өте маңызды екеніне тоқталды. Облысымыздың ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Б.Бейсембаев өз сөзінде медиация тәсілдерінің қолданылу тәртібі мен жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, осы құндылықтарды сақтап нығайтуда медиация саласының орасан зор ықпалы барын айтып өтті.

Шара барысында кәсіби және қоғамдық медиаторлар кеңес алуға келген 23 азаматтың жекелеген сұрақтарына жауап беріп, кеңесін аямады. Атап айтқанда, 23 мәселенің 3-уі даулы жанжалдар болса, 1-уі жол апатына қатысты. Тағы 1 мәселе қасақана және дәрежедегі дене жарақатын салу дерегі бойынша қаралса, 1 проблема неке бұзылуына байланысты өрбіді. 

Қатысты жаңалықтар

53 жастағы ер адам өз үйінде өртеніп кетті

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ МОЛАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

azatmedia