Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Сенбілік – ортақ іске жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі.Осылай деп ұрандатқан жетісайлық жұртшылық бүгін жаппай сенбілік жұмыстарын өткізді.Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық тазалық шарасына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ерікті азаматтардан, белсенді жастар мен экожанашырларынан 3 мыңға жуық адам, 24 техника жұмылдырылды.«Таза Қазақстан» экошарасының басты мақсаты – қоғам мен қоршаған ортадағы тазалықты сақтаудың, оған айрықша мән берудің маңыздылығын ұғындыра отырып, әрбір тұлғаның туған жеріне деген жанашырлықтарын нығайту, экологиялық сауаттылықты арттыру мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысушылар негізінен аудан шекарасынан бастап қала, кент және ауылдық округтерге, елді мекендерге кіреберіс аумақтар мен көппәтерлі тұрғын үйлердің, саябақтардың, скверлер мен аллеялардың, автожолдар мен тұрғындар көп жүретін орындардың маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тазартып, шөптерін шапты. Қураған ағаштарды бұтады. 30 тоннаға жуық күл-қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамды ұйыстыру мемлекеттің ұлт саясатындағы басты қағидаға айналды

azatmedia

COVID-19: СОДА ЖӘНЕ СПИРТПЕН ИНГАЛЯЦИЯ ЖАСАҒАН ДҰРЫС ПА? (ВИДЕО)

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

azatmedia