Ақпарат

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Azatmedia.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді, деп жазады Берік Уәли.

Сондай-ақ Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды.

Еске салай кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл – менің берік ұстанымым және сайлауалды бағдарламада халыққа берген уәдем. Осы жұмыста ешқандай көзбояушылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Талап қатаң болады. Былтырғы жиында біз нақты іс-қимыл жоспарын айқындадық. Бүгінде бірқатар мақсатты жүзеге асырдық», – деді Мемлекет басшысы.

Қатысты жаңалықтар

Нұр-Сұлтаннан Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы құспен соқтығысып қалды

azatmedia

Махаббат хикаясымен көпшілікті таңғалдырған Марлен Нұрғасеновті Атырау полициясы іздеп жатыр

azatmedia

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

Пікір қалдыру