Ақпарат Әлем жаңалықтары Басты жаңалықтар Жаңалықтар Спорт

ЕЛДОС СМЕТОВ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Олимпиада чемпионы атанды. Ол дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды.60 келі салмақта қазақ палуаны финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.  Осылайша спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.\Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жығып, үздік үштікті түйіндеген. Ал бүгін Елдос өміріндегі басты белдесуде бар шеберлігін паш етті.Елдосты және барлық қазақ халқын көптен күткен алтын жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІКҰШАҚ ПЕН ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia