Ақпарат

МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ, ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

«AMANAT» партиясы халықты толғандырған өткір де жүйелі мәселелерді көтеріп, шешім табуына үлес қосуымен бірге, қарапайым азаматтардың күнделікті тұрмысында кезігетін түйткілді мәселелерді тыңдап, олар бойынша да нәтижелі жұмыс жүргізуді қолға алғаны белгілі. Осы орайда, партияның Түркістан облыстық филиалына қарасты 18 қоғамдық қабылдау бөлмелерімен биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 8541 азаматтың өтініштері тіркеуге алынды, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Аманаттықтар бақылауға алған мәселелердің 56,5 пайызы оң шешімін тапқан болса, 3716 азаматқа көтерген мәселелері бойынша заң аясындағы құқықтық кеңестер берілді. Азаматтардан келіп түскен өтініштердің салалық бағыттарын қарастыратын болсақ, барлық шағымдардың 30,3 пайызын – азаматтардың әлеуметтік сұраныстары қамтыды. Ал, өтініштердің 23,3 пайызы – инженерлік жүйелер мен коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты болды.

Партияға жүгініп, көмек сұрап келген азаматтар өтініштерінің 10 пайызға жуығы – баспанамен қамту, жер бөлу мәселелеріне қатысты болса, 9,2 пайызы – жұмысқа орналасу, еңбек қатынастары саласына қатысты сұраныстары болды. Денсаулық сақтау жүйесі мен несиелерді өтеу, қайта қаржыландыру мәселелеріне қатысты сұраныстарын тиісінше өтініш қалдырғандардың 5,7 пайызы білдірген.

Партиялық алаңда өткен қоғамдық қабылдауларға жазылған 2471 тұрғын өздерін толғандыратын мәселелерді депутаттық корпус өкілдері алдында, өңір басшылығы мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен өткен қабылдауларда, әкім орынбасарлары мен басқарма, департамент басшыларының жеке қабылдауларында көтеруге мүмкіндік алды. Азаматтардың жеке сұраныстарын тыңдау жиындарында барлығы 8 мыңнан астам түрлі бағыттағы өтініштер айтылып, олардың орындалуы бақылауға алынды.

«Құқықтық көмек» жобасы аясында заңгерлердің, адвокаттардың, медиаторлардың қатысуымен 1579 азаматтың мәселелері қаралды. Олардың 55,3 пайызы оң шешімін тапса, 705 сауалға құқықтық кеңестер берілді. Сондай- ақ, «Халыққа көмек» жобасы бойынша 225 қоғамдық қабылдау өтіп, азаматтарға нақтылы мәселелерде көмек көрсетілді.Шалғай елді мекен тұрғындары үшін өткізілетін мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауларда 816 азаматтың базынасы тыңдалды. Осы қабылдауларда тұрғындардың 333 өтініші оң шешімін тапса, 483 өтініш бойынша мәселені оңтайлы шешудің құқықтық тетіктері түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табатын болады. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АТЫНАН СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЛЕГІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

Төтенше: Қауіпсіздік қағидалары

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

azatmedia