Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Өмірі өнегелі ұстаз

Дуйсебаева Нуржамал Акайкызы Төлеби ауданы «М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі. Дуйсебаева Нуржамал 31.12.1972 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Қ.А.Иассауи атындағы Шымкент педагогикалық университетіне түсіп, 1996 жылы бітіріп шықты. 1993 жылы сыртқы бөлімге ауысып,еңбек жолын Куйбышев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруден бастады. Осы жылы Георгивка орта мектебіне ауысты. 31 жылдан бері осы мектепте талмай еңбек етіп келеді. Отбасында 6 ұл-қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана.Дуйсебаева Нуржамал – оқушыларды отансүйгіштікке, мейірімділікке, салт-дәстүрді, тілді құрметтеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеп, жоғары деңгейде сабақ өтіп жүр. 2020 оқу жылында «Жаңа ұрпақ» республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналына «Стильдік ерекшеліктер» атты сабағы жарияланып,бас редактор Е.А.Еркіннің алғыс хатымен мараппаталды. 2022 оқу жылында «Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениеті мен орфоэпиялық икемділіктерін дамыта оқыту» атты әдістемелік оқу құралы «Нұрлы Бейне» баспасында басылып шықты. Еңбекқор ұстаз оқушыларды шығармашылыққа баулып,өз бетімен ізденуге бағдар беріп, дарынды оқушыларға көңіл бөліп, жетелеп келеді.«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты»дегендей осы уақытқа дейін тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері талай биік белестерді бағындырып келеді.Осы еңбектері бағаланып, осы уақытқа дейін аудандандық,облыстық білім басқармаларының алғыс хаттарымен марапатталған. 2003 жылы «Ең озық ауыл мұғалімі» аудандық байқауында III орын алғаны үшін аудандық ББ-нің құрмет грамотасы, 2004 жылы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бергені үшін аудандық ББ-нің құрмет грамотасы, 2007 жылы аудандық «Атамекен»туристік өлкетану конференциясында II орын алғаны үшін аудандық ББ-нің мадақтамасы, 2008 жылы олимпиада жеңімпаздарын даярлаудағы еңбегі үшін ауданның құрмет грамотасы 2008 жылы «Қазақтың келіндері-ай» атты байқауға қатысқаны үшін аудандық ішкі саясат бөлімінің мадақтамасы, 2009 жылы аудандық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін аудандық ББ-нің құрмет грамотасы және шығармашылық еңбегі үшін аудандық ББ-нің алғыс хаты, 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты,2010-2011 оқу жылында аудандық семинарда жоғары деңгейде сабақ өткені үшін аудандық ББ-нің мадақтамасы,2023 жылы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,білім беру саласына қосқан үлесі үшін аудандық ББ-нің алғыс хатымен марапатталған.Ардақты ұстаздың осы жылдар ішінде білім беру саласында қосқан үлесі аз емес.1994 жылы 10- сынып оқушысы Измаханова Ж аудандық пән олимпиадасынан III орын,2008 жылы 9-сынып оқушысы Мурамедова Л аудандық пән олимпиадасынан I орын (орыс сыныбы ), 9-сынып оқушысы Пулатова З аудандық пән олимпиадасынан I орын, 2009 жылы 10-сынып оқушысы Пулатова З аудандық пән олимпиадасынан I орын,облыстық пән олимпиадасынан I орын алып, республикалық пән олимпиадасына қатысып,жақсы көрсеткіш көрсетіп қайтты. 2011 жылы 11- сынып оқушысы Пулатова З аудандық пән олимпиадасынан I орын, 7- сынып оқушысы Фадейкина В «Жарқын болашақ» республикалық пән олимпиадасынан III орын, 2015, 2016, 2017 оқу жылында А.Нұрғалиқызы аудандық пән олимпиадасынан I, II, II орын, 2021ж ылы 6-сынып оқушысы Ж.Омархан аудандық пән олимпиадасынан II орын алды.Шығармашыл ұстаздың 2023-2024 жылдары оқу жылындағы жетістіктеріне тоқтала кетсек:8- сынып оқушысы Ж.Омархан аудандық пән олимпиадасынан II орын,аудандық ақындар айтысынан 9-сынып оқушысы Н.Иманбеков Н I орын, 9-сынып оқушысы Н.Иманбеков шығармашыл оқушылар арасындағы Х «Ақберен» байқауының аудандық кезеңінен I орын,облыстық кезеңінен II орын, 9-сынып оқушысы Н.Иманбеков «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңінен I орын ,облыстық кезеңінен I орын, Атырау қаласында өткен республикалық кезеңінен сертификатпен оралды. 

Қатысты жаңалықтар

Ұрпағымыз саналы да, тәрбиелі болсын десек…

azatmedia

Қысқы балық аулаудағы қауіпсіздік ережелері

azatmedia

Азаматтық қорғаныс

azatmedia