Қоғам Соңғы жаңалықтар

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алматы қалалық полиция департаменті оңтүстік астана тұрғындарына Интернеттегі алаяқтықтың жаңа әдісі кең етек алып жатқанын ескертті, – деп хабарлайды zakon.kz.

Қалада «AnyDesk» қашықтан қол жеткізуге арналған мобильді қосымшасын қолдану арқылы жасалатын Интернет-алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Қаскөй бөтеннің ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырады, содан кейін телефоныңыз вирус жұқтырғанын және бұл картаңыздағы ақшаға қауіп төндіретінін, мұны телефоныңызға тек «AnyDesk» қосымшасын орнату арқылы жоюға болатынын айтады. Қосымшаны орнатқаннан кейін, ұялы телефоныңыз өзіңізге бағынудан қалып, алаяқтардың иелігіне өтеді, олар өз кезегінде сіздің атңыздан несиелер ашып, содан кейін шоттыңыздағы қаражатты аударып алады, – дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз! AnyDesk қосымшасын гаджеттеріңізге орнатпаңыз!

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 3000 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ УАҚЫТША ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНҒАН

azatmedia

Indian Exports May Not Gain Much From Rise in Global Trade

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ

azatmedia