Қоғам

Шөпті жинау науқанында өрттерге жол бермеу 

Қазіргі уақытта шөп жинау мен мал азығын әзірлеу бойынша ауылшаруашылық жұмыстарының нағыз қызған кезі. Жұмыстарды жүргізу уақытына келетін ыстық, құрғақ ауа райы, жанар-жағармай материалдарының, ауыл шаруашылық техника санының көптілігі өртке қауіпті жағдайды тудырады. Шөпті шабуда және оны сақтау орындарында өрттер болуының басты себебі ауылшаруашылық техникаларының өртке қарсы жағдайы бойынша талаптарды бұзуы немесе дала жағдайларында отты абайсыз қолдануы болып табылады.

Шөпті жинау науқанында өрттерге жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау қажет: шаруашылық басшысында болатын  арнайы журналға қол қоя отырып, шөп жинау науқанының басталуына дейін оған қатысатын барлық адамдар өртке қарсы нұсқаудан өтеді. Жинайтын агрегаттар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндар – екі өрт сөндіргішпен, екi тiк күрекпен және екi сыпырғышпен; тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр күрекпен, бір сыпырғышпен) жабдықталуы керек. Шөп жинау науқанына қатысатын барлық ауылшаруашылық техникасы дұрыс ұшқын сөндіргіштермен, ретке келтірілген тұтандыру (от алдырғыш), қоректендіру, майлау жүйелерімен жабдықталуы қажет.

Ұшқын сөздіргіштер деп сөндіргіштерден ұшқындардың шығуын болдырмайтын ұсақ саңылауларымен торлы сөндіргіштен пайдаланылған газдың шығуындағы құрылғыны атайды. Белгіленген тәртіпте тіркеуден өтпеген, қолдан жасалған әр түрлі техниканы пішен шабу үшін қолдануға тыйым салынады. Дала жағдайларында пісіру жұмыстарын жүргізуге немесе ашық отты қолдануға жол берілмейді. Шөп сарайының аумағы периметр бойынша үймекпен үйіп бекітілген немесе дуалмен (албармен) қоршалған. Маяларды орналастыратын алаңдары алқаптың периметрі бойынша ені 4 м. кем емес жолдарымен жыртылуы және найзағай қорғанышымен жабдықталуы керек.

Шөп сарайларында өрт бола қалған жағдайда оны сөндіру үшін сумен қамтамасыз етілгені жөн. Шөп маялары жыртылу шегінен 4 метрден кем емес, ғимараттардан немесе құрылыстардан 50 метрден кем емес, автомобиль жолдары мен электр беретін құрылғыларға дейін 20 метр қашықтықта орналасуы қажет. Маялар арасындағы ара қашықтық 20 метрден кем болмауы тиіс, бір мая тұратын алқаптың аумағы 150 шаршы метр. Шөп шабу науқаны уақытында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі тікелей шөп шабумен айналысатын жеке тұлғаларға және шаруашылықты жүргізетін субъектілердің басшыларына жүктеледі.

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Ұстаз ізденуді өмір бойы тоқтатпауы керек

azatmedia

«Масқара!» – Қарақат Әбілдинаның желдегі жазбасы жұртты шошытты

azatmedia

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҰЛТТЫҢ РУХЫН КӨТЕРДІ

azatmedia