Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: «Ұстаз — мектептің жүрегі»

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады.Осындай педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған ұстаздарымыздың бірі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Иманбаева Айым Есіркепқызы.Айым Есіркепқызы 2002 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне физика және информатика мамандығы бойынша оқуға түседі. Өзінің ұстаздық жолын 2006 жылы Шымкент қаласындағы «Экономика және статистика» колледжінде физика пәні мұғалімі болып бастайды. 2009 жылы Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылындағы Б.Нұрлыбеков мектебінде, 2010 жылдан бері М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің (бұрынғы «Шұбарсу» жалпы орта мектебі) физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Педагогика саласында 17 жыл қызмет атқарып келе жатқан жоғары білімді, педагог – зерттеуші маман иесі. Аталмыш мектепте 2016 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.Айым Есіркепқызының ұстаздық жолындағы жеткен жетістіктері:Аудандық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін АББ басшысы атынан «Алғыс хат» 2016ж, 2019ж, 2020ж, 2022ж.«Кәсіби бағдар» жұмыстарына белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымы атынан «Алғыс хат» 2017ж.Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген байқауда жеңімпаз болғаны үшін І-дәрежелі «Диплом» 2018ж.Республикалық пән олимпиадасына қатысқаны үшін І-дәрежелі «Диплом» және олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін «Алғыс хат» 2018ж.Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан «Құрмет грамотасы»2018ж.Мұғалімдердің аудандық пән олимпиадасында ІІ-орын иеленгені үшін АБББ атынан «Алғыс хат» 2019ж.«Ustaz tilegi» республикалық ғылыми – әдістемелік Орталығы ұйымдастырған республикалық «Үздік Ұстаз» блиц-турнирінің жеңімпазы 2019ж.Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі 2019ж.«Үздік жас кәсіподақ көшбасшысы – 2019» аудандық кезеңінен І орын және облыстық байқауында ІІ орын алғаны үшін «Диплом» 2019ж.Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының атынан «Құрмет грамотасы» иегері, 2020ж.«Білім шыңы» қоғамдық бірлетігі, Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымының ұйымдастыруымен болған «Ең білімді педагог 2020» ІV облыстық пән олимпиадасының бас жүлде және «ЕҢ БІЛІМДІ ПЕДАГОГ» төсбелгісінің иегері.Білім беру саласына қосқан үлесі мен еңбектегі жетістігі үшін облыстық басқарма басшысы атынан «Алғыс хат» 2022 ж.Шәкірттері жаратылыстану – математика бағыттары пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары. Атап айтқанда, Ануарбек Нұрқадір 2022ж аталмыш олипиаданың аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІІ орын иеленсе, Қали Жансезім ІІ орын иегері 2023ж, 2024 ж 8 сынып оқушысы Хужантаева Аяулым аудандық кезеңінің ІІ орын иегері.Шәкірті 10 сынып оқушысы Қарсыбай Алтынай Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиаданың ІІІ – орын иегері.Олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін аудандық білім бөлімі басшысы атынан «Алғыс хат» 2023ж.Білім беру саласына қосқан үлесі мен еңбектегі жетістігі үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен «Құрмет грамотасы» иегері, 2023ж.

Сондай – ақ, Айым Есіркепқызы оқушыларға күрделілігі жоғары есептерді шығаруды үйрете отырып, нәтижесінде жыл сайын бірнеше грант иегерлері мен олимпиада жеңімпаздарын дайындайды. Өз саласының маманы ретінде озат тәжірибелері, үздік сабақтары мен баяндамалары республикалық, халықаралық басылым беттеріне жиі жарияланып отырады.«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» демекші, білім беру жүйесінде ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы – жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде Иманбаева Айым Есіркепқызының алдағы уақытта да аянбай еңбек ететіндігіне біз кәміл сенеміз.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА КЕЗЕКТІ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

azatmedia

Өзіңді-өзің жаттай сыйла!

azatmedia