Қоғам

Қазақстанда шомылу маусымында 239 адам суға кетіп көз жұмды

Қазақстанда

1 қыркүйек күні Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Azatmedia.kz  сайты ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Биыл еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы құтқарды. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ( 1 маусымнан 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды. Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) суға кетіп, көз жұмды», – деп жазылған хабарламада.

Биыл суға шомылу маусымында Алматы (35), Шығыс Қазақстан (31), Түркістан (23) облыстарында суға батып кеткен адамдардың саны көп болды.

Қатысты жаңалықтар

«Әке- асқар тау», «Ана- өмірдің бастауы»

azatmedia

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында кәсіподақ активімен кездесу өтті

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТӨЛЕБИ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Пікір қалдыру