Қоғам

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Сауран ауданындағы «Қамқорлық» орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ақсақалдар алқасы, мекеме басшылары, мәдени орталық өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, дін өкілдері қатысты. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов ашып, жүргізіп отырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz.

Мәжілістің күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттер мен мақсаттар «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» және Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің V төралқа мәжілісінің 28.03.2024 жылғы қаулысын жүзеге асыру міндеттері туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Талғат Оңбаев, білім бөлімінің маманы Нұрбек Басықараев, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Балмағанбет Төлепбайұлы ой-пікірлерін ортаға салды.Жиында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров әкімдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті.

Сонымен бірге, ақсақалдар мен ардагерлеріміздің елді бірлікке, ынтымаққа, жастарға тәлім тәрбие, татулығымызды нығайту бағытында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуге шақырды. Мәжілісте көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болды. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қорытындылады.  

Қатысты жаңалықтар

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Балтаева Мухтабар

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛҒАН

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

azatmedia