Қоғам

Сайрам: Пробация үйінде бірқатар жобаларды іске асыру бағытында кездесу өтті

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Манкент ауылында орналасқан пробация үйінде ҚХА XXXIII сессиясының шешімдері аясында «Салауатты сана» және «Адал азамат» жобаларын іске асыру бағытындағы кездесу өтті.

Мақсаты: жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге бағытталған.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Байназар Әлібек Ыбырайымұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ермек Назгүл Қайратқызы, Сайрам аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Жолдасбеков Бәйдібек Әлібекұлы және пробация есебінде тұратын азаматтар қатысты.

Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Азаматтарды әлеуметтік ортаға кірік¬тіру жүйесі Отанға деген сүйіспен¬шілік, патриотизм идеалдарын насихаттауға және халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек. Қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталды: нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан бір жола арылуымыз керек– деп өз ойымен бөлісті.

Жиында сөз алған Назгүл Қайратқызы: Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістік¬тердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз – деді.

Әлібек Байназар өз сөзінде: Биылғы тасқынның ауқымы адам шошытады. 10 өңірде бірдей төтенше жағдай жарияланды. 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. Расында өте ауыр сынақтан өттік. Дегенмен әр нәрсенің қайыры бар. Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Бір тұтас ел екенімізді көрсеттік. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Мұны мемлекетіміздің әрбір азаматы жақсы біледі, жақсы сезінеді деген ойдамын – деп барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.  

Қатысты жаңалықтар

Инклюзивті білім берудің принциптері

azatmedia

ДАЛА ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

azatmedia

Қызылорда полиция басқармасының бастығын ұсталды – БАҚ

azatmedia