Жаңалықтар

САПАЛЫ БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАЙТЫНДАР КӨП

Бүгін партия филиалының қоғамдық қабылдау алаңында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Фаритұлы Айнабеков азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қатысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Марат Фаритұлына жазылушылардың басым бөлігі ұялы байланыстың нашарлығы, интернет желісінің төмендігі төңірегінде өтінішпен келді.Сауран ауданына қарасты Қосмезгіл елді мекенінің тұрғыны Б. Манашов үйде «Қазақтельеком» байланыс жүйесі жұмыс істегенімен, Алтел ұялы байланысының тартуы төмен екенін айтып, интернетке қолжетімділік қашан болатынын сұрады. Басқарма басшысы аталған елді мекенде 2 айдың көлемінде, яғни жаңа оқу жылы қарсаңында «Beeline» ұялы байланыс операторы қосылатынын, ал, Актив байланысына қолжетімділік келер жылдың еншісінде екенін жеткізді. Ал, кентаулық В. Абдираимов базалық станция қойып беруіне ықпал етуін өтінді. Марат Айнабеков тұрғынның өтінішін орындау үшін арнайы жер телімі керек екенін түсіндірді. Ол үшін әкімдікке хат жолдап, шешімін табу мәселесін қарастыратын болды.

Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылғандардың қатарында шалғай елді мекендерде тұратындықтан онлайн байланысқа шығып, шағымдарын жеткізуге ниет білдіргендер де бар. Олардың қатарында Түлкібас ауданына қарасты 600 тұрғыны бар Еңбекші ауылында ұялы байланыстың нашарлығын жеткізген тұрғынға әзірге елді мекенде талшықтық-оптикалық байланыстың жоқтығын, 2025 жылы жоспарға қойылғаны туралы жауап берілді. Онлайн байланысқа шыққан Ордабасы ауданы Көкарал елді мекенінің тұрғыны ауылда мүлдем интернет байланысы жоқтығына назар аудартты. Басқарма басшысының айтуынша, аталған елді мекенде 2 ай көлемінде «Beeline» ұялы байланыс операторы іске қосылмақ.

Айта кетейік, 2024 жылдың 5 айында партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне «Documentolog» ақпараттық жүйесінің «Е-контакт центр» модульіне, сонымен қатар «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 5959 арыз-шағым келіп түскен. Оның 51 пайызы, яғни 3065-і оңтайлы шешіліп, 2836-не заң аясында кеңес берілген. Бүгінде қалған 58 өтініш қаралу үстінде.Ал, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1777 қабылдау жүргізіліп, 5684 азаматтың мәселелері қаралған.  

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАЛАРДА ҚҰРЫЛҒАН МОБИЛЬДІ ТОП 15 МЫҢ НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТКЕ РЕСЕЙ ЕЛІНЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

azatmedia