Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘНІМ СЕНСІҢ – ТУҒАН ЖЕР» АТТЫ ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай «Ұлы Дала Елі» орталығында «Әнім сенсің – туған жер» тақырыбында этнос жастары арасында патриоттық әндер байқауы өтті.Байқауды облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырды.Аталған байқауға облыстың аудан, қалаларынан 12-16 және 17-25 жас аралығындағы өнерлі этнос өкілдері қатысып, жанды дауыста бақ сынады.Жастарды патриоттыққа үндеген байқауды «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыруға, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, өнердің мәдени имиджін көтеруге атсалысу сондай-ақ, этнос өкілдеріне қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттауға бағытталған.Өнерлі жастар сайысына мәдениет саласының үздігі Асылхан Темірхан, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов, «Ақжайық» музыкалық өнер мектебінің директоры Сырым Айсынов және Конгресс Холл көпсалалы кешені іс-шара ұйымдастыру бөлімінің маманы Венера Исламғалиева қазылық етті.Байқау нәтижесінде 12-16 жас аралығындағы сайыста Кентау қаласынан қатысқан Диана Жалалова бірінші орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар Валерия Гадецкая (Сайрам ауданы) жүлделі ІІ орынды, Ахунжан Усман (Түркістан қаласы) ІІІ орынды иеленсе, арнайы жүлде жетісайлық Элина Букаеваға бұйырды. Ал 17-25 жас аралығындағы сайыста кентаулық Севара Ахмиддинова І орын иегері атанды. Сондай-ақ Мухридин Шарафов (Созақ ауданы) жүлделі ІІ орынды, Юлдуз Бектемирова (Сауран ауданы) ІІІ орынды еншіледі.Бұл сайыста арнайы жүлде сарыағаштық Далер Ташметовке берілді. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ЕСКІ ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia