Жаңалықтар

САУРАН: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Сауран аудандық мәслихат депутаттары С.Байсбаев, С.Оразбеков, С.Рысбеков Шорнақ ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген болатын. Қоғамдық қабылдауға келген Үшқайық ауылының тұрғыны М.Айтбаев – Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінде орналасқан моншасының жұмысына ауыл тұрғындары құзырлы органдарға арызданып, тексеру жүргізіп, жаптырып тастаған. Алайда, қазіргі таңда сол моншаның жанында орналасқан 2 монша әлі күнге дейін жұмыс жасап жатыр және моншадан шыққан ағын су көшелерді ластап, ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудырып жатқандығын жеткізіп осы мәселе бойынша тиісті құзырлы органдармен бірлесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізуді ұсынған болатын.

Осыған орай “AMANAT” партиясы Сауран аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау Комиссиясы мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстарына Партиялық бақылау Комиссиясының төрағасы С.Оразбеков, комиссия мүшелері Е.Елеуов, Н.Конкабаев, Е.Мұстапаев, С.Боханов және Үшқайық ауылдық округ әкімдігінің тиісті мамандары қатысты.

Партиялық бақылау жұмыстары барысында комиссия мүшелері нысанның жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда моншаның кәріз жүйесі бойынша 4 кәсіпкерге айыппұл салынған, аудан әкімшілігі кәріз жұйесі жұмыстарын жүргізуге жер бекіткен. Алайда әкімшілк ұсынған жобамен яғни, шығыс жақта орналасуына келіспей, батыс жақ бетіне ауыстыру туралы пікір білдірген. Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан жер телімін бөлу туралы өзгерістер енгізіліп жатқандығы айтылды. Моншаның жұмыс барысымен танысқан партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Оразбеков, алдағы уақытта жер телімін белгілеп жобаға сай кәріз құрылыстарының жұмысы жалғасын табатындығын және партиялық бақылау комиссиясы отырысында жан жақты талқыланатындығын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Қарағандылық шенеунік темекі шегіп басы дауға қалды

azatmedia

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУ КЕРЕКТІГІН БАС ИМАМ ТҮСІНДІРДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «109» ҚЫЗМЕТІНДЕ БІР КҮН БОЙЫ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

azatmedia