Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ

Бүгін, Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәні туралы дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу сайысы басталды.

Шараға , Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян Таубайұлы және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек Мықтыбайұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы қатысып, барша командаларға сәттілік тіледі.

Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарымызды халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлер құндылықтарымен терең таныстырып, оның тарихын баяндай отырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда, – деді Ернар Нұралыұлы.

Байқауда қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынайды.

Атап айтқанда:

I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату;Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу.

II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс;Қыздар: Құрт әзірлеу.

III кезең. Командалық салт-дәстүр сұрақ-жауап.

Аталған байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып, бақ сынауда. 

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТ САЛАСЫ МАЙТАЛМАНДАРЫМЕН СЫР СҰХБАТ ӨТТІ

azatmedia

Ауыз судың рахатын сезінуде

azatmedia

ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ ОТЫРАР АУДАНЫНА АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

azatmedia