Жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Арыс қаласындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. Жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ҚХА жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Арыс қалалық прокуратурасының прокуроры Алмаз Арыстанбеков, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады. Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТАҒЫ ЕКІ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

azatmedia

Партиялық жүйенің қоғамдағы рөлі

azatmedia