Жаңалықтар

ШҰБАРСУДА «AMANAT» НАЗАРЫНДАҒЫ ШАРУА КӨП

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Тұрғындарының саны 130 мың адамнан асатын ауданда, аймақтық партия филиалының үйлестіруімен 12 бастауыш партия ұйымдары қызмет атқарады. Ауданның қоғамдық-саяси тыныс-тіршілігінде ықпалды саяси күшке айналған «AMANAT» партиясы, өз сайлаушыларының мүддесі үшін әрекет ететін, олардың сұраныстарын негізге алып жауап іздейтін, тиімді шешімдер ұсына білетін ірі қоғамдық ұйым болып бекіп отыр.

Партияның өңірлік филиалы төрағасының ауданға жасаған жұмыс сапары бұл жолы Шұбарсу ауылында жалғасты. Бұрыңғы саяжай аумағынан 2005 жылы құрылған елді мекеннің тұрғылықты халқының саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда қарқынды түрде өскені байқалады. Соңғы он жылда мұндағы тұрғындар саны 2,5 есе өсіп, ресми түрде 35 мыңнан астам адамға жетіп отыр. Бүгінгі таңда Шұбарсу ауылы Ордабасы ауданындағы ең ірі елді мекенге айналған.

Тұрғындар санының еселеп өсуі коммуналдық инфрақұрылым жүйелерінің қуатын арттыруды талап ететіні белгілі. Қазірдің өзінде ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізу, жаңа электр желілерін тарту, трасформаторлар орнату, тозығы жеткен бағаналарды ауыстыру мәселелері бойынша халықтың сұранысы артқан. Ауылдың ішкі жолдарын жетілдіру, жаңа әлеуметтік нысандар салу, байланыс сапасын арттыру секілді мәселелер де жергілікті тұрғындар білдірген талап-тілектің негізгі бөлігін құрайды. Тұрғындардың осы және өзге де өтініштерін партиямыздың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасында мейлінше қамтылуына күш салып, олардың орындалуын партиялық ықпал ету және бақылау тетіктері арқылы үйлестіріп келеміз.

Бұл жөнінде Алтынсары Дүйсенбекұлы «Шұбарсу» бастауыш партия ұйымының белсенді өкілдерімен кездесу жиынында айтып өтті. Аманаттық өкілдердің сайлауалды уәделерінің орындалу көрсеткіштерімен таныстырып өткен партияның өңірлік филиалының төрағасы, партиялық жобалардың іске асырылуы, партия ұйытқы болған бастамалардың нәтижелері жөнінде кеңінен баяндады. Сайлаушылармен тікелей жұмыс жүргізуге бағытталған партиялық қызметтегі маңызды өзгерістер жөнінде ақпар берді. Саяси ұйымның өңірлік филиалының аудан, қалалардағы партия филиалдарымен жүргізіп жатқан өзара іс-қимылын атап көрсетіп, партияның жүрегіне баланған бастауыш ұйымдармен терең ықпалдастық байланыстарды жолға қою бағытындағы жұмыстармен таныстырды. Бастауыш партия ұйымдарының алаңдарында мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдауларын өткізу, жергілікті сайлаушылар көтеріп жатқан мәселелерге тереңірек үңіліп, олардың шешім табуына партиялық ресурстарды жұмылдырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жиын барысында аудандық партия филиалының төрағасы Алиасқар Бердімұрат Ордабасы ауданындағы партия өкілдері атқарып жатқан жұмыстар жөнінде мағлұмат берді.

Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында Алтынсары Дүйсенбекұлы, ауылдағы маңызды құрылыс нысандары сапындағы бірқатар құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды партиялық қадағалаудан өткізді. Соның ішінде партияның Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы боп енген Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын аманаттық өкілдер арнайы барып көрді.

Түркістан облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын нысанның құрылысын «Қаратау ЛТД» ЖШС-гі жүргізуде. Бекітілген жоспар бойынша мектеп құрылысы 2025 жылы толығымен аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс. Қазір мектеп ғимаратының бетон іргетасын құю жұмыстары қарқын алған. Нысанда партиялық бақылау бекеті қойылып, оған жетекшілік ету Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты Ғалымжан Қалқамановқа жүктелген. Құрылыс алаңындағы кездесуде аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері, мердігер ұйымның өкілдері және партияның аудандық филиалының қызметкерлері құрылыс жұмыстарының барысын баяндады, құрылыс материалдарын жеткізу, жұмысшылар ресурсын жұмылдыру және құрылыс жұмыстарына тартылған техникалардың дайындығы жөнінде ақпар берді.

Партияның өңірлік филиалының төрағасы сондай-ақ Шұбарсу ауылын орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының барысымен танысты. Қабылданған жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша, ауылдың ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізу 5 кезең бойынша атқару көзделген. Оның бірінші кезеңіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылы аяқталып, барлығы 655 тұрғын үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. 2-3 кезеңдер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу сатысына жақындаған, қазіргі дайындық деңгейі 90-95 пайызға жеткен. Соңғы 4-5 кезеңдегі құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғын жайларды ауыз суға қосу жұмыстары қарқын алған. Жауапты өкілдердің мәлімдеуінше. Нысандағы құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдаудан өткізілмек. Партияның Түркістан облыстық филиалы ауыл тұрғындары үшін маңызды нысан құрылысының толығымен аяқталып, іске қосылуын тұрақты назарында ұстайтын болады. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ БӘЙДІБЕКТЕ «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН 20-ҒА ЖУЫҚ КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШАҒЫН ЦЕХТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia