Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА КЕЛДІ

Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаттары облысымызға жұмыс сапарымен келіп, жергілікті жұртшылықпен кездесулерін өткізуде. Осы мазмұндағы кездесулер бүгін Ордабасы ауданында болып өтті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Қайрат Рахымұлы Балабиев және Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Төрткүл ауылындағы 300 орындық мектептің, Қызылжар жалпы орта мектебіне 300 орындық қосымша оқу корпусының және Қажымұқан ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорттық кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Парламент Мәжілісінің депутаттары Ордабасы аудандық мәслихатының фракция мүшелерімен кездесті және партияның аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Жергілікті әлеуметпен кездесулерде Парламент Мәжілісінің заң шығарушылық қызметі жөнінде кең мазмұнды ақпар беріліп, депутаттардың жұмыс нәтижелері баяндалды. Сондай-ақ алда жүзеге асатын ауқымды жобалар жөнінде мағлұмат берілді. Мәжіліс депутаттары құрылыс жұмыстарын бақылау барысында жергілікті билік өкілдерінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарының, ауыл тұрғындарының тарапынан көтерілген мәселелерді тікелей қадағалауға алып, оңды шешім табуына ықпал жасайтындарын жеткізді.

Осы жүздесулерде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл аймақтарда қолға алынған әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді. Сонымен қатар Қажымұқан ауылдық округінде тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдаған Мәжіліс депутаттары ауданда жүргізіліп жатқан инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарының жайын зерделеді. Төрткүл ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде коммуналдық тарифтердің мәселесі көтеріліп, ауыз су жүйелерін жаңарту, табиғи газ жүйелеріне қосылу, жаңа аурухана салу сұраныстары айтылды. Ауылдағы 300 орындық жаңа мектептің құрылысын аяқтау мәселесі қозғалды.

Айтылған барлық ұсыныстардың жүзеге асуы, тұрғындардың талап-тілектерінің орындалуы бойынша аудан әкімдігіне нақтылы тапсырмалар берілді, олардың орындалуы партияның өңірлік филиалы тарапынан жүйелі бақылауда болып, Мәжіліс депутаттарының қадағалауына алынды.

Қатысты жаңалықтар

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚТАРҒА СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia