Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: М-32 «САМАРА – ШЫМКЕНТ» АВТОЖОЛЫНДАҒЫ БҰРЫЛЫС АЛАҢЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында туризмді дамыту, туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жол инфрақұрылымын қамту жұмыстары ұдайы жалғасып келеді. Бүгін М-32 «Самара – Шымкент» автомобиль жолының бұрылыс алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. 2056 шақырымдағы жол айрығы «Самара– Шымкент-Орал-Ақтөбе-Қызылорда» қалаларына бағытталады.

Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.

– Бүгін өңіріміз үшін үлкен маңызға ие инфрақұрылымдық жоба – республикалық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс жолы пайдалануға берілмек. Бұл нысан – тек жол инфрақұрылымының жаңаруы ғана емес, тарихи-туристік «Сауран археологиялық-сәулеттік кешеніне» кіреберіс пен шығаберісті айтарлықтай жеңілдетіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды объект. Сапалы жол – туристің алғашқы әсерін қалыптастыратын басты фактор. Сондықтан бүгін іске қосылып отырған бұл жол нысаны туристік ағымды көбейтуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, кәсіпкерлік нысандарының дамуына және жалпы өңірлік инфрақұрылымның жақсаруына үлкен серпін береді. Өздеріңізге белгілі, Сауран қалашығына келушілер бұрын шамамен 30 шақырым айналма жол жүріп келуге мәжбүр болатын. Енді осы бұрылыс жолының іске қосылуымен бұл мәселе толық шешімін тауып отыр. Біз бұл жобаның іске қосылуы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, жол қауіпсіздігін арттырып, халқымыздың игілігіне қызмет ететініне сенімдіміз, – деген Зұлпыхар Жолдасов жобаны іске асыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Маңызды жол айрығының құрылысын «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Жолдың ұзындығы 1955 метрді құрайды. Құрылыс барысында қолданыстағы жол жамылғысы фрезерленіп, су өткізгіш құбыр орнатылды. Сонымен қатар жолды абаттандыру, жол белгілері мен таңбалау, жарықтандыру жұмыстары толық аяқталған.

Жалпы Шымкент–Қызылорда жолының қарқыны жоғары. Мұнда тәулігіне 11 000 жеңіл автокөлік, 3 000 автобус және 8 000 жүк көлігі жүріп өтеді. Сондықтан жол инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздік шараларын күшейту және жолды сапалы жөндеу, көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.

Айта кетейік, Түркістан қаласы маңында орналасқан Сауран кешеніне келушілер саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы келген туристер саны 2683 адам болса, 2025 жылдың 11 айдың қортындысымен келген туристер саны 9925 құрады. Туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралынан Сауран қалашығына бұрылатын жол бөлігін ашу жұмыстары белсенді жалғасуда. Өңірде туристік бағытты дамыту мен саланың кірісін көбейту, сондай-ақ жергілікті турбизнес субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы тарапынан өңірге келуші туристердің жайлылығын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бұл жол айрығының жаңартылуы Түркістан облысының инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Әсіресе, Сауран археологиялық-сәулеттік кешеніне келушілер үшін бұл өзгеріс үлкен мәнге ие. Бұрын бұл тарихи орынға жету үшін ұзақ айналма жолды жүріп өту қажет болса, енді жаңа бұрылыс жолы айтарлықтай ыңғайлы әрі жылдам жолды қамтамасыз етіп, туристік ағымның артуына ықпал етеді. Сонымен қатар, жолдың қауіпсіздігі де айтарлықтай жақсарады, өйткені бұл жолдың жаңартылуы тек көлік ағынын жеңілдетіп қана қоймай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді.

Жол инфрақұрылымының жаңартылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді. Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыру, инвестициялық тартымдылығын жоғарылату мақсатында бұл жоба маңызды рөл атқарады. Жаңартылған жолды пайдалануға берудің арқасында кәсіпкерлік нысандарының дамуына да жақсы әсер етеді, себебі сапалы жол арқылы тауарлар мен қызметтерді жеткізу, туристік инфрақұрылымның тиімділігі артады. Қазіргі таңда Түркістан қаласы мен оның маңайындағы туристік кешендерге келушілер саны тұрақты түрде өскендіктен, бұл жол жобасы өңірдің туристік әлеуетін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Сауран қалашығының тарихы мен мәдениеті ерекше тартымды, және бұл жаңа жолдың салынуы оның туристік тартымдылығын арттыруға зор ықпал етеді. Туризмнің дамуы тек жергілікті экономикаға ғана емес, сонымен қатар мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға да үлкен үлес қосады. Әсіресе, жолдың сапалы болуы туристердің сапарды жеңіл әрі жайлы етуіне жағдай жасайды. Осылайша, Түркістан облысы өзінің туристік және экономикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылып, аймақтағы инфрақұрылымды дамытуда үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»

azatmedia

«Мама, рөлге неге отырдың?!» – елорда маңында болған жол апатының видеосы тарап кетті

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia