Жаңалықтар

БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалында бақылау-тексеру комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өтті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, партия филиалдарының бақылау-тексеру комиссиялары партия органдарының қаржы және шаруашылық қызметтеріне бақылау жасауды жүзеге асырады және заңнамаға, партия Жарғысы мен Бақылау-тексеру комиссиялары туралы Ережеге сәйкес әрекет етеді.Комиссия отырысында облыстық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Абдрахман Тасыбаев күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Жиында ағымдағы жылдың жұмыс жоспары талқыланып, орын алған кемшіліктерді жою және олардың алдын алу бойынша ұсынымдар қаралды. Орын алған кемшіліктер бойынша саладағы жұмыстардың реттеліп жатқаны айтылды. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, бас есепші Гүлназат Абдрахимова филалдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Басқосу барысында облыстық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Абдрахман Батырбекұлы ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығының жұмыс жоспарын өзгертуге ұсыныс білдіріп, комиссия мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау білдірілді. Күн тәртібінде қаралған жәйттер бойынша облыстық бақылау-тексеру комиссиясының жұмыс кестесіне қаулы қабылданып, алдағы уақытта бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ЖАСТАРЫ АЙМАҚТЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАЛАУДА ЕРЕКШЕ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

azatmedia

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ХАЛЫҚПЕН ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ

azatmedia