Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ханай Әшірбековтің жетекшілігімен өткен мәжіліске партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, кеңес мүшелері, облыс әкімдігінің бірқатар басқармаларының басшылық құрамы, партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Жиыннның күн тәртібінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы ретінде енген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жастарды жұмыспен қамту индикаторларының орындалуы және «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының облыс көлемінде жүзеге асырылуы мәселелері қаралды. Кеңес төрағасы бұл екі мәселе де өңіріміз үшін өте үлкен маңызға ие басымдық екенін айта отырып, Түркістан облысы республика өңірлері арасында экономикалық белсенді жастағы тұрғындар санының көптігімен дараланып, ауқымды жұмыс күшіне ие әлеуеті жоғары аймақтың бірі екенін айтты. Жастарды жұмыспен қамту, олардың мүмкіндіктерін пайдалануда жүйелі ұстанымның болуы ең әуелгі міндет екендігіне тоқталды.

Жұмыс жиынында қаралған бірінші мәселе бойынша сөз алған Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева биылғы жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша, облыстағы жұмыс күші 850,6 мың адамды құраса, оның 364,9 мың адамы – жастар санатындағы азаматтар құрайтынын атап өтті. Статистика бойынша барлығы 808,9 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 357,7 мың адамы – жастар екенін жеткізді. Өңірімізде жұмыссыз ретінде тіркелген 41,7 мың адамның 7,2 мыңы – жастар. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде жұмыспен қамту шараларына жоспарланған 140 жастың бүгінге дейін 57-і қамтылып отыр. Оның 13 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылғандар. Басқарма басшысы кеңес отырысында 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің төмедегінін мәлімдеді.

Кеңес мүшелері жастардың жеңілдетілген несиеге қол жеткізуінде кездесетін кепіл мәселесін реттеуді, сонымен бірге субсидия алудың құжаттандыру шарасын жылдың басынан бастауды ұсыныс ретінде енгізді. Одан бөлек қайтарымсыз грант қаржысының аздығы қажетті құрылғы алуға да жетпей жататынын тілге теик етті.

Кеңес отырысындағы екінші мәселе «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының облыс көлемінде жүзеге асырылуы бойынша Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл баяндады. Елімізде Оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін-2050» бағдарламасы осыдан 10 жыл бұрын бастау алған. ««Бүгінде өңір жастарының «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Оған дәлел — өткен жылы бағдарлама бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Олар еліміздегі 18 жоғарғы оқу орындарына жолданды. Жалпы аталған жобаға Түркістандық жастардың қызығушылығы жоғары. Айта кететін жайт, серпіндіктердің 70 – 90% тұрақты жұмысқа орналасады. Биыл да 1 мыңнан астам маман бітіруші түлектерге бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады»,-деп атап өтті Болат Серікұлы.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің аталған бағдарлама бойынша өкілі Ләйла Байжұманова жиынға қатысып, оқу орны туралы ондағы мүмкіндер мен оңтүстік жастарына жасалған жағдай төңірегінде сөз қозғады. Бағдарлама пайда болған 10 жылдың ішінде оқу орнында білім алған 1090 студенттің 600 мыңы және 10 докторнаттың 5-еуі түркістандық жастар екенін атап өтті. Серпін бағдарламасы арқылы білім алғандардың 98 папйызы жұмыспен қамтылған.

Жиын соңында кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған екі мәселе төңірегінде қоғамда пікір туғызып жүрген өзекті жәйттер бойынша жауапты сала басшылығына сұрақтарын жолдады. Республика деңгейінде шешілуі тиіс мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін енгізді. 

Қатысты жаңалықтар

КӘСІБІ БАРДЫҢ – ЖАН БАҒАР НӘСІБІ БАР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН КӘСІБІН ДАМЫТҚАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia