Жаңалықтар

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі Жүсіпов Қайрат Дүйсембекұлы және аудан әкімінің орынбасары Байгабулов Мұрат Жандарбекұлы аудан тұрғындарын қабылдады.

Қанағат елді мекенінің ауыл биі Қ.Мұсабеков ауыз су, екі елді мекеннің ортасындағы көпірдің жағдай жайлы мәселені айтты.

Аудан әкімінің орынбасары М.Байгабулов ауыз су құбырларының құрылыс жұмыстарының аяқталғандығын, ендігі мәселе тұрғындар тұрғын үйлеріне (гусак) құрылғысын орнатса бірден су берілетіндігін айтты.

Екі елді мекеннің арасындағы көпір бойынша мән-жайды анықтап хабарын жеткізетін болды.

Сарыағаш қаласының тұрғыны А.Хутарянская көп қабатты тұрғын үйдің айналасындағы күл –қоқыс, көршілерінің қалдық суды көшеге ағызып отырғандығы, ауыз суды үйне кіргізу, кәріз мәселелерін шешуді сұрады.

Ауыз су, күл-қоқыс және кәріз мәселесі бойынша М.Жандарбекұлы өзі барып қарайтын болды. Қалдық суды көшеге ағызып жатқан көршілерінің қылығы жайлы құқық қорғау органдарына хабарласуы керек екендігі түсіндірілді.

Жарты төбе ауылдық округі, Бостандық елді мекенінен келген М.Хикматов, З.Миршаевтар ауыз су құдықтарының бетінде қақпақтарының болмауынан туындап отырған қауіптерді, ауыз суды қосуды сұрады.

Ауыз суды қосу бойынша бірнеше мәселе бар екендігін толық түсіндіріп, қақпақтардың жақын арада қойылатындығын мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

azatmedia

Марқұм Айсұлтанның өлімі әлі белгісіз

azatmedia

САУРАНДЫҚ ДЕПУТАТТАР ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ

azatmedia