Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын атап берген Жолдауында: Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажет. Мемлекеттік қызмет жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашық болғаны дұрыс. Кадрлық резервті нығайту керек, — деді Президент.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуға тиіс. Үкімет Агенттікпен бірлесіп бүкіл әлемдегі азаматтарымыздың әлеуетін жұмылдыру үшін арнайы платформаны іске қосуы керек. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен аудан, қала және ауылдық округ әкімдіктерінің салалық қызметкерлеріне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында құқықтық оқыту-семинары өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Семинарға мемлекеттік қызмет көрсету саласына бақылау және қадағалаушы уәкілетті орган ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, қызмет алу кезінде әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және облыс әкімдігі қызметінің тиімділігін арттыру.

Құқықтық оқытуда басқарма басшысы Ә.Әбдіраханов облыс әкімдігі қызметінің тиімділігі бағаланатындығын және Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы операциялық бағалау блогының бірі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер екендігін айтып өтті.

Басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің және департаменттің қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласына жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары негізінде анықталған бұзушылықтары туралы айтылып, әкімдіктің қызмет тиімділігін арттыру мақсатында жер, сәулет және қала құрылысы салаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары талаптарының бизнес-процестері, қызметтің нәтижесін ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өзекті сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар оқуға қатысушыларға «109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы, азаматтардан келген өтініштерге уақытылы жауап беру қажет екені және ол бойынша аудан, қала әкімдерінің салаға байланысты рейтингі бағаланатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысымен облыс әкімдігінің қызмет тиімділігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша 89,45 балл берілген. Биыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын 90 балға жеткізу жоспарлануда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

ШЫМКЕНТ: 64 ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫ ЖАҢАДАН АБАТТАНДЫРЫЛУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ КЕРЕК

azatmedia