Қоғам

Дабыл чемоданы

Дабыл чемоданы – бұл құтқарушылар келгенге дейінгі аман қалу үшін керек болатын ең қажетті заттардың негізгі жиынтығы.  Ол заттардың ішінде – ақша, құжаттар, дәрі қобдишасы, бір адамға тәулігіне 3-4 литр су, консервілер, қуатты тамақ, жеке гигиена құралдары, жылы киім, көрпе, радиоқабылдағыш, фонарь, сіріңке, ысқырық. Біз сейсмикалық қауіпті аймақта тұрып жатқандықтан дабыл чемоданы дайын болып тұруы керек дейді,- Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері.  

«Дабыл чемоданы» – бұл төтенше жағдай аймағынан эвакуациялау кезінде мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б. немесе құтқарушылар келгенге дейін төтенше жағдайлардан аман қалу мақсатында қолданылатын жеке заттар мен қажетті құралдардың жиынтығы бар сөмке немесе чемодан.

Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, дабыл чемоданы – құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және тағы да басқа төтенше жағдайларда сізді аман алып қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы. Біз өзіміздің сейсмикалық белсенді аймақта тұратынымызды ескере отырып, дабыл чемоданын жинақтап қоюуымыз керек. Дабыл чемоданының ішіне ең алдымен ақша және құжаттар, дәрі-дәрмек қобдишасы, бір адамға жетерліктей су, консервілер, жоғары калориялы тағам түрлері, жеке гигиеналық құралдар, сондай-ақ қалың киім мен көрпе, радиоқабылдағыш, қуатталған жарықшам, сіріңке, белгі беруге арналған ысқырық болуы керек. Дабыл чемоданын жинауды кейінге қалдырмай, арнайы уақыт бөліп жоғарыда айтылған керек заттармен толтырып, дайындап қойған жөн. Өйткені, ол өзгенің емес, ең алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңіз.  

Осы тұста тағы бір айта кетерлігі, бір ғана чемоданға сенім артып, онымен шектеліп қалмау керек. Әрбір отбасы мүшесінің өзінің жеке кезекші сөмкесі болуы шарт.  Одан бөлек, өзіңіз жайында жазылған байланыс деректері және жақын адамдарыңыздың байланыс нөмірлері бар тізбекті де жаныңызда ұстап жүріңіз. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ескерткен жайттарға мән беріңіз. Сақтансаң сақтайды дегендей өз өмірімізге жауапкершілікпен қарайық. Мемлекет өз тарапынан қашан да халыққа дұрыс ақпарат жеткізуге және бағыт сілтеуге дайын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық», «Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық», – деп бекер айтпайды. ТЖД қызметкерлерінің үндеуіне құлақ түре жүріңіз, олардың негізгі міндеті мен қызметі сіз бен біздің қауіп-қатерлерден мейлінше сақ болып, оқыс оқиғалардан аман жүруіміз болып табылады. Сақтықта қорлық жоқ екенін ешқашан естен шығармаңыз. 

«Дабыл чемоданды» Сіз өзіңіз жинай аласыз, ол үшін рюкзакты, кішкене чемоданды немесе сөмкені пайдалануға болады, сондай-ақ ол жинақы және тым ауыр болмауы керек.

Бұл ретте, «Дабыл чемоданын» келесі тұрмыстық заттармен жабдықтауды ұсынамыз:

  • Құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, паспорт, балалардың туу туралы куәлігі, тұрғын үйдің құқықтық құжаты және оларды нотариалды куәландырыған жөн болар) және қолма-қол ақша;
  • Дәрі қобдишасы, құрамында ауырсынуды және ыстықты басатын, аллергияға қарсы және жиі қолданылатын дәрі-дәрмектер, сондай-ақ медициналық маскалар, антисептиктер, таңғыштар, жгут, дәке, мақта, йод, гауһар жасыл ерітінді (зеленка), жабысқақ пластырь;
  • Гигиена құралдары: сүлгі, сабын, дәретхана қағазы, тіс пастасы және щетка, дымқыл және құрғақ майлықтар, жеке заттар, кішкентай балалары барларға балалардың жаялықтары;
  • Маусымдық киім және аяқ киім;
  • Консервіленген және жоғары калориялы тағамдар, кішкентай балалары барларға балалардың тағамы (сүт қоспасы);
  • Керек-жарақтар: ысқырық, компас, фонарь, май шамдар, сіріңке, дәптер мен қалам, қайшы;
  • Су қоры, қыста бір адамға 3-4 литр және жазда 5-6 литр мөлшерінде.

«Дабыл чемоданы» Сізге ыңғайлы үйден шыға берісінде жақын жерде сақталуы керек және бұл туралы отбасы мүшелерінің әрқайсысы білуі керек.

Бұл Бізге қажет емес деп үміттенеміз, бірақ кім ескертулі – сол қарулы дегенді түсіну керек.

Қатысты жаңалықтар

Қарызға шырмалған халық немесе кредитті кешірген дұрыс па?

azatmedia

Мүгедектер тәуелсіз өмір сүруге құқылы

azatmedia

Құндылықтың адам үшін маңызы

azatmedia