Қоғам

«ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕ»: ТЫЛ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округінің ерікті жастары Ұлы Отан соғысының ардагері қатарына теңестірілген тыл ардагері Жандаров Төлеген атамен кездесті.Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оларға патриоттық тәрбие беру.Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Ардагер ақсақал барша жастарға ризашылығын білдіріп, ел амандығы үшін бата берді.Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші «Өнегелі ұрпақ» апталығы Қазығұрт ауданында қарқынды жүріп жатыр.

Қызылқия ауыл округінің ерікті жастары осы экоапталық аясында Ұлы Отан соғысының ардагері қатарына теңестірілген тыл ардагері Бижанов Ергеш атаның үйіне арнайы барып, арық-атыздарын тазалау, ағаштарының түбін қопсыту және ақтау, аула жайын қоқыстан тазарту секілді үй шаруаларында көмектесті.Ардагер ақсақал барша жастарға ризашылығын білдіріп, ел амандығы үшін бата берді. 

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

azatmedia

Тоқаев: Коронавирус пандемиясын жеңу үшін екі жыл қажет

azatmedia

Әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды

azatmedia