Қоғам

ОТБАСЫ ӨНЕГЕСІ ОТАНШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ

Адам баласы үшін жарық өмірдің жарқын баспалдағына ұлы қадам – отбасы табалдырығынан басталады. Алғашқы тәрбиені, азаматтық адалдықты, перзенттік махабатты ұшқан ұямыздан алып, қасиетті қара шаңыраққа деген ұлы сағынышты жүрегіміздің түкпірінде сақтап, қорғап жүреміз.

Шаңырақтарымыздың шын мәніндегі бақыт мекеніне айналуын үйлестіруде Мемлекет басшысының тапсырмасымен отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып белгіленді. Оның аясында көпбалалы отбасыларды әлеуметтік тұрғыда қорғау жүйесі қалыптасты, олардың тұрмыстық ахуалын жақсарту, отбасылық табысы арттыру міндеттері қойылып іске асырылуда.

Сайлаушылардың қолдауына ие болып, ықпалды саяси күшке айналған «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасы – біздің басты байлығымыз – адам дейтін мызғымас қағидатқа сүйенеді. Берекелі отбасы құндылықтарын ілгерілетуде Отанды сүю, елге адал қызмет ету, қоғамның белсенді де жауапты мүшесі болу, тұлғалық қалыптасу – отбасындағы тәрбие мен тағылымның жемісі болуы керек деген ұстанымды айқындады.

Партияның Түркістан облыстық филиалы саяси тұғырнамамызда белгіленген міндеттер шеңберінде өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыс көрсеткіштерін белгіледі. Алға қойған міндеттемелердің орындалуына қол жеткізуде партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты, Отбасы және әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңесі белсенді қызмет көрсетіп келеді. Партияластарымыз осы құрылымдардың әлеуетімен көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамқорлыққа алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар тәрбиесі, отбасыладың тұрмыстық ахуалын түзеу, отбасылық табысты арттыру мүмкіндіктері сынды сан-салалы міндеттерді қарастырып, оң шешім табуына жәрдем көрсетуде.

Айта кету керек, алтын құрсақты өлкеміз көпбалалы аналардың саны жөнінен республикамызда көш бастайды. Түркістан облысындағы 180 мыңға жуық көпбалалы ананың 17 мыңнан астамы – «Алтын алқа» иегері болса, 4 мыңға жуығы – «Ана даңқы» орденімен наградталған. Ел мерейін арттырған аналарымыз аман болсын! Еліміздегі әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Алтынсары Үмбетәлиев,«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Масылдықты ауыздықтай аламыз ба?

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕРПІН БЕРДІ

azatmedia

Қазақстанда пара беру туралы жиналыста ашық айтыла бастады

azatmedia