Қоғам

Жатсынбайтын жаңа ілім

Иманипедагогика- көшпелі мəдениет пен түркі өркениетінен рухани бастау алатын қазақ халқының ұлттық болмысына, халықтық тəжірибесіне сай балалар мен ересектерді тəрбиелеу, дамыту заңдары мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол-кемел кісі қалыптастыру, имандылыққа, ізгілікке, еңбекке және өмірге баулу қатарлы тәлім-тәрбие беру қазақтың ілім-біліміне сүйенеді,олардың ұстаным қағидаларын басшылыққа алып,заманауи тәрбиелеу, дамыту жолдарын айқындайды, келешегіне бағыт-бағдар береді.   Имандылық тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған. Алайда, иманипедагогика-ислами педагогика, гумани педагогика және этнопедагогикалардың жәй көшірмесі ғана емес, сондай-ақ материалистік педагогиканың заманға лайықталған жаңа атауы да емес. Иманипедагогика-заманауи тәрбие теориясы.Ол осы дәуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы. Анығырақ айтқанда: Материалистік педагогика, Гумани-педагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика  ғылымдарының  заңды байланыстарына сүйеніп,олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым. Иманипедагогика əлеумет-тiк жəне қоғамдық жағдайлардың ықпалымен орныққан ұлттың өзiне тəн тəрбие саласында қалыптасып, жүзеге асқан өзiндiк ерекшелiктерiнде: дiни iлiмдерде; халық шығармашылығында;отбасы өмiрiнде; тұрмыста; салт- дəстүрлерде орын алған халықтың жалпақ жұртты тəрбиелеу мен үйрету (оқыту) туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл даналығын, сондай-ақ кісінің əлеуметтiк жəне тарихи-мəдени тұрғыда қалыптасуына ықпал ететiн философиялық, этикалық, педагогикалық ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын зерттеу барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерiн, заңдылықтары мен принциптерiн, құралдарын, əдiс-тəсiлдерi мен амал-жолдарын жинақтап, жүйеге келтiредi, зерделейді.
Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. Тәрбиенің әлеуметтенуі, әлеумәлеуметтік педагоги-каның қажеттілігі өте артқан мына заманға сай, қай педагогика болмасын жеке дара қызмет ету мүмкіндігі мүлдем болмай қалғанын ескеріп, иаманипедагогика барлық адамтану ғылымдарымен тығыз байланыста болады. Иманипедагогика-бауырмалдық ынтымақ береке педагогикасы болуы тиіс. Қазақтың отбасылық педагогикасы имандылық педагогикасымен өте жақсы үйлеседі.  Айталық: әулет педагогикасында елжандылық-туысжандылық ,ауылжандылық, ружандылық , ұлтжандылық деген сатылармен қалыптасады.   Иманипедагогика осы ұстанымды тура басшы-лыққа алады.

Алайда оның көшірмесі емес.Анығырақ айтқанда иманипедагогика-отбасылық қазақ педагогикасын, этнопедагогиканы, гуманипедагогиканы, материалистік педагогиканы ығыстыруды көздеген тәрбие теориясы да емес. Бір дәуірде тәрбие теориялары жеке бағыт алып,өте дәлдікпен салаланып, тармақталып дамығаны белгілі. Ендігі бір дәуір де олар қайта бірігіп ұштасу дәуірі болуға тиіс деген ұстанымды басшылық етіп,оларды бір арнаға бейімдеу үшін жасалып отырған талпыныс. Әлем педагогикасында ондай үрдіс осы күннің өзінде бар.Ал,шындыққа келсеңіз қазақтың отбасылық педагогикасы-иманипедагогика болатын. Иманипедагогиканың осы бағытты ұстану- ының басты себебі,тәрбиелік іс әрекеттер әлеуметтік тәрбиелік институтары мектеп, медіресе, білім ордасы,сонымен қатар мәдениет өнер шаңырақтары қатарлы сан-салалы  қоғамдық мекеме-лерде: музей, кітапхана, театр т.б. әдебиет және мәдениет,техникалық ұйымдарда,бұқаралық ақпарат құралдар жүйесі арқылы жүзеге асырылып жатқандықтан қоғамның барлық қатпарына бірдей етене араласып кіріге алатын педагогоикалық көзқарастың жалпыға ортақ үлгісі қажет болды. Осы қажеттілікке сай  иманипедагогика өмірге келді. Оны қоғамдық орта жатсынбай қабылдауда.  Қазақ тарихында топқа кіріп сөз бастаған билер мен шешендердің, атқа мініп қол бастаған батырлардың, ұлтын ұйытып ел бастаған көсемдердің, ақыл-парасатымен даналығы арқылы әлемге танылған ғұламалардың барлығы дерлік-қазақ дәстүріндегі ұлттық тәрбиенің жемісі. Қаныш атаның сөзімен айтқанда «оқымаған академик әжелер мен аталардың» алдын көріп,үлгі өнегесін алып, біліміне қанығып,Ана және Дана мектептерін бітірген, Дала консерваториясын тамамдаған өнер иелері, Жыраулық және Ақындық академиясының түлектері; философ-жырау,әнші-ақын,сері-сал,т.б. қазақтың ақылман ойшылдары,әулие абыздары, көріпкел білгіштері, бақсы-бәлгері, адамтанушы сыншылары, шипагер-тәуіптері, тарихшы-шежірешілері,дін күтіп, жалпақ жұртқа иман таратқан пірлері бәрі-бәрі-Қазақ Педагогикасынан нәр алған,оның ұлт өкілін қалыптастыру қазанында қайнап пісіп, өңделген, шыңдалған-КІСІЛЕР. Олардың тәрбиелік үлгі өнегелері, білімдері тым терең, шексіз аумақты, өте асыл қазына. Осы қазынаны зерттейтін педагогика ғылымының бір саласын-ИМАНИПЕДАГОГИКА деп отырмыз. Қазақ халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқайласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрімен, таным-түсінігімен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. «Имандылық» деген ұғымның аясына бір Аллаға деген сеніммен бірге адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жатады.Қазақ барын қанағатпен пайдаланып, сабыры мен шүкірін тең ұстаған адамды «иман таразысы түзу» деп айтады.
Иманипедагогикада тәрбиелеудің түпкі мұраты -кемел кісі қалыптастыру болып табылады.

Кемел кісі қалыптасутыру іс-әрекеті ұзақ уақыт бойында,ыждаһаттылықпен жүргізілген педагогикалық кешенді процесстің нәтижесінде жүзеге асады.Ол бірнеше кезеңдер мен белестерді басып өтіп,дамудың сан-салалы сатыларын бастан кешіріп,түпкі мұратына жету жолында алдына ашық айқын мақсаттар қояды.

Осы мақсаттың алғашқысы-«иманды ұл, ибалы қыз» тәрбиелеу болмақ.Иманды ұл, ибалы қыз балалық шағында (3-15 жас аралығында) мына үш адами сапаны игеруге тиіс.

Бірінші.Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып, нұрлануы шарт. Көкірек көзі ашылу басталып,ақыл көзі айқындала түсу керек. Бұл оқу-тоқу болмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасады. Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын-ойынщық, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ (оның өзі бес бағытта), ертегі, есеп, әңгіме бар екен. Бұларды жинақтап, іріктеп, эерделеп, отбасында, балабақшада, мектепте оқытып үйретіп, пайдаға асырушылар да бар.

Екінші.Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімінде адамның әрбір даму кезеңінде, жасының ерекшелігіне сай игертуге тиісті биязы әдеп, жібек мінез дағдылары бар олардың игерілу дәрежесіне қоятын талап,игерілу дәрежесін сынау амал-айласы өте айқын болған оны бақылап байқап,сынап тексеріп отыратын жүйелі безбендеу әрекетін қатаң ретпен жүзеге асыратын. Айталық,бала 3-13 жас аралығында биязы әдепке жаттықпаса,жібек мінез игермесе,дағдыланбаса әдепті өз бетімен ізденіп, қалауы бойынша кез-келген ұлттың әдебін бойына сіңіреді. Оны қайыра түзеу қиынға соғады.

Әдеп пен мінез  «қайта тәрбиелеуге оңай көнбейтін» әлем. Осыдан талай келеңсіздікті бастан кешіріп келеміз. Әлі де, секем ала қойған жоқпыз. Соңы қайырлы болсын делік.
Үшінші. Иманипедагогиканың ең елеулі бір заңдылығы: баулу іс-әрекеті-бір ізді,  сабақтас әрі жүйелі болу керек. Осы заманғы отбасында, балабақшада, мектептегі тәрбиелеу  ісінде жүйелілік жоқ. Әр сатылы мектептің әр сыныбына аталмыш оқу жылында биязы әдеппен жібек мінездің қандай үлгілерін ұқтырып үйретіп,к елесі сатысында қандайын үйретуге тиісті екені белгісіз, жоспарсыз, бағытсыз, есепсіз күн кешуде. Үйретіп ұқтырғанымыздың қаншасы қай оқушының бойына қаншалықты сіңгеніне бағам жасауға тіптен дәрменсізбіз. Солай бола тұра, «биязы әдеп-адамшылық айнасы», «жібек мінез-бақытқа жету  бастамасы»-деп сарнаймыз.

Қатысты жаңалықтар

Жүрегіңе құлақ түр…

azatmedia

Өсиет те, қасиет те – қарттарда

azatmedia

ТУРИЗМ – ТУҒАН ЖЕРДІ ТАНУ ТЕТІГІ

azatmedia