Қоғам

Өзара құрмет пен теңдік – ізгілік жолы

Ата Заңымызда да адам баласын алалауға, кемсітуге жол жоқ. Себебі қоғам ортақ. Мақсат бір. Мемлекеттің гүлденуі жолындағы мүдде егіз. Сондықтан да  қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту баршаға бірдей. Ынтымақ бар жерде бірлік бар, бірлік бар жерде теңдік бар. Қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту барлық дамыған елдерде бар қағидат. Мемлекет дамуының идеологиялық негізі болып табылатын зайырлылық –  осы! Біздің еліміздің жағдайында бірден-бір ыңғайлы, әмбебап  әрі  тарихи  тұрғыдан  қалыптасқан мемлекеттік сипаты. Сондықтан оның насихатталуы мен нығаюы қоғам тұрақтылығына сөзсіз игі әсер етеді. Осыдан туындайтын  ақпараттық-ағарту жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелеріне зайырлылық және дін мәселелері жөнінде сараланған, дұрыс, жүйелі, негізді көзқарастар қалыптастыру болуға тиіс. Дұрыс ақпаратпен қаруланған қоғам жүрер жолынан адаспайды, өмірлік бағыт-бағдарын өзі таңдайды. Халқымыздың заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат, отбасында, қоғам ортасында мәдениетті сөйлеу қарым-қатынасына айрықша баға берген.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасу процесінде өмірдің барлық салаларын ізгілендіру арқылы бұрындары мемлекет мүдделеріне бағынған жеке тұлға мен қоғам мүдделерінің басымдығын бекіту байқалатынын атап өткен жөн. Ғылыми әдебиеттегі тұлғаның өмірлік маңызды  мүдделеріне мыналар  жатады:  адамның   қадір-қасиетін,  адам  өмірі мен денсаулығын жоғары құндылық ретінде тану; адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету; рухани және зияткерлік дамуға тең құқықтар; жеке және мүліктік қауіпсіздікті сенімді қорғау; мемлекеттің материалдық жағдайдың лайықты және кепілді минимумын қамтамасыз етуі; қолайлы экологиялық жағдай жасау.

Жеке адам еркіндігінің мемлекет қауіпсіздігіне қатынасы – Ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеудегі орталық проблемалардың бірі. Бұл проблеманың мәні жеке адамның қауіпсіздігі мен еркіндігін қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігімен қамтамасыз етуді қалай үйлестіруге, сол арқылы әлеуметтік жанжалдарды қалай болдырмауға болады, өйткені бұл азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады. Азаматтық қоғамды дамыту үшін жағдайлар мемлекеттің қауіпсіздік саласындағы ресми саясатының сипатына тығыз байланысты. Бұл саясат азаматтық қоғамның дамуына қарсы тұра алады, оны мемлекет қауіпсіздігіне қатер ретінде қабылдайды.

Иә, қоғамда түйткілді проблемалар жетерлік. Соның бірі – баланы қорғау, ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген ынтымақтастық пен құрмет рухын қалыптастыру мемлекеттік тұрғыдан қолға алынуы тиіс үлкен мәселе. Бұл ретте елімізде балалар үшін жасалып жатқан қандай бағдарламалар бар, соларға тоқтала кетсек, 2021 жылы Үкіметтің қаулысымен «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасын, 2029 жылға дейін бекітілген білім беруді дамытудың тұжырымдамасын айта кетуге болады. 

Сондай-ақ, өткен жылы Үкімет басшысының 1 ақпандағы №21-ө өкімімен «Қазақстан балаларының хал-ахуал индексі» бекітілген. Индекстің әдістемесі «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат», «Елдің әл-ауқаты» деп аталатын төрт бағытты, 14 компонентті, 56 индикаторды (35 статистикалық және 21 сауалнама индикаторы – 65% және 35% арақатынасы) қамтиды. Бұл бағдарламалар, әрине, өз кезегінде қоғамда барлық азаматтардың өзара сыйластығы мен теңдігі құндылықтарын жалғастыруға септігін тигізеді. Ел басқару ісіне де жіті мән беріп, қазақтың билері, ақсақалды қариялардың айтқан қасиетті сөздері, нақылдары, өсиеттері ел арасына кеңінен тарап, Конституция баптарындай бағыт беріп отырған. Жоғарыда айтқанымыздай, біздің Ата Заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі», – деп нақты жазылған. Осы себепті қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыруға құқы бар. Еліміздің ең үлкен байлығы адам мен адам өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.  Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенуіміз керек. 

Әлем мың құбылған бүгінгідей  сындарлы сәтте ең әуелі әр отбасында өзара сүйіспеншілік пен сыйластық, бірлік пен құрмет сынды құндылықтарды арттырудың маңызы ерекше. Бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қараған абзал. Отанның өзі отбасыдан құралады емес пе? Халқымыз «Отан отбасыдан басталады» деп бекер айтпаған.

Екіншіден, ұжымдағы, ел арасындағы бірлікті нығайтуға мән берілсе. Бұл ретте түрлі сала басшыларына көп міндет жүктеледі. Уақытының көп бөлігін жұмыста өткізетін азаматтар арасында өзара сыйластық сынды адамгершілік құндылықтар қалыптасса, бұл жағдай отбасы мен қоғамдағы бірлікке оң әсер етеді.

Үшіншіден, ағайын арасындағы татулыққа мән берілуі тиіс. Қуаныш пен қайғыда  бірге болу – туыстық қарым-қатынасты арттыратын адамгершілік қасиеттің бірі.

Төртіншіден, қоғамдық бірлік – аса маңызды мәселе. Бұған әр азамат үлес қосуы тиіс деп есептейміз. Өйткені еліміздің игілігі мен бірлігіне үлес қосу – өз болашағымызға үлес қосу.

Қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыруы да  келешек ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар дүние. 

Қатысты жаңалықтар

Құндылықтың адам үшін маңызы

azatmedia

«Көп шенеунік абақтыға қамалады» – дейді, Ирина Әбдірайымова

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі таза ауыз сумен толық қамтылған

azatmedia