Қоғам

Тұрғындармен тығыз байланыс орнату аса маңызды

Жақында елімізде өткен сайлаудан кейін Мәжіліске әртүрлі көзқарас пен ұстанымдағы күштер келді. Мұның өзі бұдан былай депутаттарға қойылатын талаптың өзгергенін көрсетеді. Біз оны сайлау өтпей тұрып-ақ аңғардық. Өйткені, бұл жолы елмен тығыз қарым-қатынас орната алған үміткерлер ғана халық қалаулысы атана алды.
Арыс қалалық мәслихатында 13 депутат өз жұмысына кірісті. Олар бұл күндері Монтайтас, Дермене, Ақдала, Қожатоғай, Байырқұм, Жиделі ауылдық округтерінде тұратын тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалар бойынша тиісті жұмыстарды қолға алуда. Реті келгенде айта кетейік, аталған ауылдық округтерде көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, интернет пен ұялы телефон байланысын реттеу секілді проблемалар әлі күнге дейін толық шешімін таппаған. Осы бойынша Арыс қалалық мәслихатының депутаттары ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне депутаттық сауал жолдады. Сонымен қатар, Арыс қалалық мәслихатының депутаттары өңірдегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру, олардың ұл-қыздарын жоғары және арнаулы оқу орындарына түсулеріне ықпал ету, денсаулықтарын түзету мақсатында да көптеген шараларды жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде қала аумағында жұмыссыздар қатары біршама азайды. Қалаға қарайтын елді мекендерде 20 мыңға жуық жас буын өкілдері тіршілік етуде. Жергілікті халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, 600-ге жуық жас бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылған. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға қатысып, мемлекет тарапынан беріліп жатқан гранттарды иеленген жастардың да қатары көбейіп келеді. Олар қызмет көрсету, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында өздерінің белсенділіктерін көрсетуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VІІІ сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына кеңірек тоқталған болатын. Дәл қазіргі таңда депутаттарға тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату аса маңызды. Өйткені, сайлаушылар жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс береді. Сол сенімді ақтау – бізге парыз. 

Қайрат АХМЕТОВ, Арыс қалалық мәслихатының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

САЯСИ РЕФОРМАЛАР ЕЛ ӨМІРІНЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛДІ

azatmedia

«БҰЛ – УАҚЫТША ДҮРБЕЛЕҢ!» ПРЕЗИДЕНТ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

azatmedia

«Тегін» сөзінде тартымдылық бар. Бірақ…

azatmedia