Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Экономикада басты міндеттердің бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Республикалық маңыздағы ғана емес, ауыл-аймақтағы автожолдардың өзі тақтайдай тегіс, сапалы салынуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған баса мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берген болатын. Енді жылдан-жылға жол құрылысына бақылау күшейіп келеді.Түркістан облысы Жетісай ауданындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды, ал ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырымды құрайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1, 9 млрд. теңге бағытталған. Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,1 млрд. теңгеге 5 елді мекенде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Одан бөлек, ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге 55,1 млн. теңгеге биыл (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілсе, елді мекендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргіу үшін 20 млн. теңге, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн. теңге бөлінген.Аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей тапсырмасымен биылғы жылға қоғамдық көлікті субсидиялау үшін 63 млн. теңге, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 30 млн. теңге, бағдаршам орнату жұмыстарына 10,9 млн. теңге, бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн. теңге, бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу үшін 3 млн. теңге бөлінген.Алдағы уақыттарда да тиісті басқармалармен жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

Жалқаулық жақсылыққа апармайды

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН КӘСІБІН ДАМЫТҚАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia