Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫН ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАН КОМБАЙНҒА АСА ҚАЖЕТТІ БӨЛШЕКТЕР ШЫҒАРАДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінде ауыл тұрғыны пластикалық қалдықтарды кәдеге жаратып, мақта теретін комбайндарға аса қажетті шпиндельді щетка мен қалыңдығы 1 мм болатын жіп шығарып жатыр.

Бұған дейін аталмыш щетканы көршілес Өзбекстан елінен тапсырыспен алып келген комбайн жүргізушілері ауыл азаматының қолынан шыққан өнімнің сапасының жоғары, бағасының арзан екендігін айтады.

Бір комбайнға 96 дана кететін бір маусымға жарамды өзбекстандық щетканың әрбір данасы базар нарығында 5-6 мың теңге болса, ауыл тұрғыны Қозыбай Әшековтың қолынан шыққан екі маусымға жарамды өнімнің бағасы соның тең жартысы, яғни, 2,5–3 мың теңге тұрады. Осылайша отбасылық бизнесті дамытып отырған ауылдың қарапайым агрономы қолынан іс келетін ауылдың тағы бір тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Қолдағы барымен кәсіп ашқан азамат алдағы уақытта мемлекеттік қолдаумен несие алуға ниетті.

«Жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың ауқымы ұлғайып, берілетін несиелердің бағасы да көбейіп келеді. Біз де сол бағдарламаларға қатысып, жеңілдетілген пайызбен несие алуды, алдағы уақытта кәсібімізді кеңейтсек, өнім көлемін арттырсақ деп жоспарлап отырмыз», – дейді Қозыбай Әшеков.

Бүгінде қол күшімен ғана жұмыс жүргізіп отырған азаматтар күніне 25 данаға дейін шпиндельді щетка жасап жатыр. Алғашқы жылдары 25-30, өткен жылы 40-қа тарта комбайнға өнім дайындаған азаматтар тапсырыстың күн санап артып отырғанын айтады. Ол бұл кәсібін ауыл шаруашылығы саласындағы білімін бизнеспен ұштастыра отырып карантин уақытында ойлап тапқан.

Айта кетейік, Қозыбай Әшековтың отбасы шпиндельді щетка шығарумен ғана емес, сонымен қатар, жылыжай, бау-бақша өсіру ісін де қолға алған. Бүгінде ауылдың 60 пайызын жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етіп келеді. 

Қатысты жаңалықтар

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ — АУҚЫМДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСТАМА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

АРЫС – ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫ

azatmedia