Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ҚОМАҚТЫ ҚОЛДАУ БАР

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық дамуға ерекше тоқталып өтті.

Ең бастысы, елді жұмыспен қамту. Өнеркәсіп орындарын ашып, жұмыс орындарын құру. Мәселен, Түркістан облысында 2022 жылы «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында жалпы 39 240 жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 4 580 тұрақты, 34 660 уақытша жұмыс орындары. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес, 10 854 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 24 002 тұрақты жұмыс орындары құрылған. Бұдан бөлек, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 29 303 адам оқып, оның 23 508 адамы сертификат алған. Өз жеке кәсібін ашу мақсатында былтыр 2 922 адамға 3,6 млрд. теңгеге грант берілді. Бұл дегеніміз – жүздеген жаңа кәсіпкерлер, жаңа жұмыс орындары.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін айтты. 

«Қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн. Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің дерегінше, жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінді. Қаражат аймақтарға берілді. Қазір бизнес саласындағы үздік идеяларды таңдап алу үшін конкурстар басталды.

Бұл орайда, жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Биыл бұл бағдарлама аясында еліміз бойынша 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады. Ал Түркістан облысы бойынша 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие берілмек. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында Түркістан облысында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жүйелі жұмыстар мен тиянақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары артқан. Тарқата айтсақ, бүгінде облыс бойынша жалпы 200-ден аса жас бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан. 

Бекболат ЕСЕНТАЙҰЛЫ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Студенттік Парламент төрағасы

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

azatmedia

«Қызымның төсінде силикон жоқ» – Аша Матайдың әкесі қызын сынағандарға шүйлікті

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» САЯСАТЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia