Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 35,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек.

Шардара ауданында былтыр өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 135 млрд теңгені құрады. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 35,5 млрд. теңгеге жетті. Биыл көрсеткішті 45,5 млн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауданда 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 млрд. теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1 025 адамға жаңа жұмыс орнын ашу қолға алынды. Бүгінгі таңда 4 жоба іске асқан. Жыл соңына дейін құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асып, 187 адам жұмыспен қамтылады. Ал 2024-2027 жылдарда 13 жоба жүзеге асып, 675 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», – деді аудан басшысы.

Ауданда өткен жылы 20,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, жалпы құны 412,1 млн. теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 25 елді мекеннің 18-і ауыз сумен қамтылған. Ал көгілдір отынмен 24 елді мекеннің 9-ы қамтылған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын 51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 87%-ға жеткізу жоспарланған.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы 3 998 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 161,5%-ға орындалған. 2023 жылға жоспар 2 796 азаматты құраса, 1-тоқсанға 1 362 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

Марқұм Айсұлтанның өлімі әлі белгісіз

azatmedia