Басты жаңалықтар Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАУ БАУРАЙЫНДА ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Сауран ауданындағы тау баурайында «ТҮН. ТАБИҒАТ. ПОЭЗИЯ» атты әдеби поэзиялық кеш өтті. «Түнгі кітапхана» жобасы аясында өткізілген әдеби кеште «Жауһар жырдың жаршылары» атты жазба ақындарының мүшәйрасы қорытындыланды. Мүшәйраның басты мақсаты – Түркістанның мәртебесін асқақтатып, оның рухани құндылығын дәріптеуге, жас ақындардың шығармашылығын қолдап, қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу. Жұлдыздар аллеясында өткен кеште Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы сөз алып, шараның рухани мәні мен тәрбиелік маңызына тоқталды. Жиын барысында қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен кітапхана ұжымының атынан жылы лебіздер айтылды.Журналист, сазгер, профессор Бекжігіт Сердәлі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Айдар Сейдазым, ақын Сайлаухан Жоланов, «Фараб» ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардабекова, Ұлжан Мұстафаева, Роза Нарымбетова, Тельман Бейсен, Несіпкүл Өтебаева бастаған өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып, жастар шығармашылығына қолдау білдірді. Кештің негізгі бөлігі облыстық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен жалғасты. Сонан соң үздік туындылар оқылып, ән шырқалды.Қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Мұқағали Кенжетайұлы иеленіп, 700 000 теңге сыйақы табысталды. Ал 2-орын Аман Сабыржанға (500 000 теңге) бұйырды. 3-орын иегері Арайлым Мұраталиеваға 300 000 теңге сыйақы табысталды. Сондай-ақ, Әбілда Аймақ атындағы номинация Нарбай Бекжұманға, Қаныбек Сарыбаев атындағы номинация Ердәулет Бухарбайға, Есенғали Раушанов атындағы номинация Дәурен Тілеуханға, Аманхан Әлім атындағы номинация Арқалық Әмәлиятқа, Мархабат Байғұт атындағы номинация Сезім Мергенбайға 50 000 теңге сыйақысымен табысталды.

Қатысты жаңалықтар

Жалқаулық жақсылыққа апармайды

azatmedia

Көптоғайдағы дау. Шекарашылар неге қоршау орнатылып жатқанын түсіндірді

azatmedia

ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ – АМАН БОЛАР АДАМЗАТ!

azatmedia