Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫЛЫҚ АНАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

Ордабасы ауданының ауыл округі әйелдер және әжелер кеңестерінің төрайымдары, қоғамдық ұйым жетекшілері, көп балалы аналары күн санап ғарыштап дамып, түрленіп келе жатқан Түркістан қаласына келді. Ордабасы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы ұйымдастырылған сапарға 50-ден астам ана шыққан.

Олар ең алдымен күллі түркі жұртына танымал тұлға, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы әрі жүгінетін пірі болған Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады.

Одан соң сапарларын Гауһар ананың, жаңарған Түркістан шаһарында жалғастырып, Ясауи кесенесіне зиярат жасады.

Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көрген олар аз уақыт ішінде қаланың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңданыстарын жасыра алмады.

Сапарда карантин талаптарын қатаң сақталды. Аналармен бірге арнайы медицина қызметкерлері бірге жүрді.

Сонымен қатар, облыс орталығында жаңадан салынып жатқан ғимараттарды аралап, «Венеция» аталып кеткен «Керуен сарайында», халықаралық əуежайда болып, аралап тамашалады.

Қатысты жаңалықтар

«Қиын бір шақ болып тұр» – танымал әнші Қарақат Әбілдина жаға ұстатар жазбамен бөлісті

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

azatmedia

Түркістан: Шарбұлақта облыстық ауылшаруашылық семинары өтті

azatmedia