Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫЛЫҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Шымкент қаласында жыл басынан бері 36 969 отбасы яғни, 179 209 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Көмек алушылардың ішінде 1-6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар таратылады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.Атаулы әлеуметтік көмек – табысы төмен азаматтарға төленетін мемлекеттік қаржылай қолдау. Өтінішке құжат тапсырғаннан кейін арнайы құрылған комиссия өтініш тапсырушының тұрмыстық жағдайын тексеріп шешім қабылдайды. АӘК алушылардың отбасылық табысы жан басына шаққандағы кедейлік шегі 22 535 теңгеден төмен болған жағдайда тағайындалады. Ал жұмыссыз жүрген азаматтарға қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Жұмыспен қамтудың» белсенді шараларына қатысу ұсынылуда. Басқарма басшысы бір сағатқа созылған тікелей эфир барысында әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, соңынан тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Эфирге жалпы 1200-ге жуық адам қосылып, қажетті ақпарат алды.Ерман Бекмұратовтың айтуынша, басқарма тарапынан ардагерлер мен халықтың осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішіне зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен көп балалы аналар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар балалар кіреді. Оларды қолдауға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік төлем және ай сайынғы 13 түрлі көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, биыл 2 тоқсаннан бастап АӘК-ке өтініштер Egov.kz порталы арқылы онлайн қабылдануда. Өтініштерін қашықтан тапсырулары үшін азаматтардың электронды цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) болуы керек. Халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында жыл басынан бері «Халықты жұмыспен қамту орталығы» 4 ауданға бөлінген. Барлығында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

azatmedia

Түркістан: Сарыағаш тұрғындары толықтай электр энергиясымен қамтылған

azatmedia

Шымкентте жалған алкоголь өнімі саудаланып келген

azatmedia